Дәрігер науқасқа құрамында морфин бар дәрі тағайындаған

Ақтөбелік Батыр Ерғалиев өзінің нашақор еместігін дәлелдей алмай жүр. Жүргізушінің бірнеше жылдан бері асқазан жарасына қарсы ішіп жүрген дәрісінің құрамынан морфин табылған деп хабарлайды 31 арна.

Оны анықтаған жол полицейлері куәлігін тартып алып, әкімшілік жауапкершілікке тартпақ. Ал жүргізуші бірнеше жылдан бері емделіп жүрген дәрінің құрамында есірткі барын енді ғана білдім деп отыр.

Екі баланың әкесі Батыр жеке көлігінде жолаушы тасымалдаумен күн көріп жүрген азамат. Ал сол күні қал үстінде жатқан анасының үйінен түнімен ұйықтамай келе жатқан екен. Жол полициясы қызметкерлері тоқтатқанда ол шаршағаннан қалжырап тұрғанын айтады. Тұрғынның бұл түрінен күдіктенген полицейлер есірткі қолданған-қолданбағанына тексеруге кіріскен.

Артынан тест морфинге оң нәтиже бергенде, өзім шошып кеттім
“Медициналық тексеруге шақырды. Мен өзіме сенімді болғандықтан дереу келісе кеттім. Артынан тест морфинге оң нәтиже бергенде, өзім шошып кеттім”, – дейді тұрғын Батыр Ерғалиев.

Асқазан жарасымен барған науқас тоғыз жыл бұрын дәрігерлік есепке алынған. Ал отаға келмейтіндіктен ауырсынуды басуға учаскелік дәрігері «Ранитидин Акос» дәрісін ішуге кеңес берген. Оны қаншама жылдан бері қабылдаса да, құрамында морфиннің барынан бейхабар болған дейді қорғаушы.

“Жүргізуші сол дәрінің құрамында морфин бар екендігін білмеген. Көлік басқарып жүрген. Сондықтан оның іс-әрекетінде әкімшілік жазаға тартатын негіз жоқ”, – дейді қорғаушы Төлеген Молдабаев.

Ал нарколог дәрігерлер мұңдай жүргізушілер бірнеше тексеруден өтеді дейді. Ал сырқатына қатысты құрамында морфин тобына жататын дәрі қабылдап жүргенін дәлелдеу үшін, дәрігердің рецептін және қандай дәріханадан алғанын дәлелдеп көрсетсін деп кеңес айтады.

“Егерде ол кісі бірнеше ай бойы, апта бойы қабылдаса, мүмкін көрсетер. Ол кезде ол кісі есірткі қабылдаған адам емес, өзінің науқасына қарай қабылдаған болады. Сонымен нақты дәлелдей алады”, – деп отыр
нарколог- дәрігер Балзада Мырзатілеуова.

Морфин -түсі ақ кристалл тәріздес зат. Кодеин құрамдас препараттарда кездеседі. Медицинада қатты ауырсынуды басуға қолданылады. Мұндай дәрілер тек дәрігер рецептімен ғана беріледі.

Бұл «Ранитидин Акос» деп аталатын дәрі дәріханаларда жетпіс теңгеге еркін сатылып жатыр. Құрамында морфин бар деп көрсетілмеген
Бір қызығы бұл «Ранитидин Акос» деп аталатын дәрі дәріханаларда жетпіс теңгеге еркін сатылып жатыр. Құрамында морфин бар деп көрсетілмеген. Ал арнайы бақылаушы қызметтер елге келген әрбір дәрінің құрамы қатаң тексеруден өтеді деп отыр.

“Егер наркотиктік немесе психотробтық дәрілік зат болса арнайы рұқсатпен жіберілу керек. Сондықтан құрамында морфин болуы мүмкін емес”, – дейді Ақтөбе облыстық Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің басқарма басшысы Ринат Құбатаев.

Қазір бұл мәселе әкімшілік сотта қаралып жатыр. Егер Батыр өзінің тек дәріден зардап шегіп отырғанын дәлелдей алмаса үш жылға жүргізушілік куәлігінен онымен қоса жалғыз табыс көзінен айырылады. Ал шуға қалып отырған дәріге және тест таяқшасына Ұлттық сараптама орталығында арнайы сараптама тағайындалды.

nur.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста