Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы айтты (фото)

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы айтты (фото)

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаеваның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы көптің көңілін толқытып жатыр.

Екі ай бойы ағасына қиналысын еш сездірмеген Нағима Есентаева бұдан әрі шыдай алмаймын деп көңіліндегісін ақтарыпты. Бірақ көңілі күпті қарындас ағасының отбасы десе жанын беруге даяр жан екенін айтқанымен, оның отбасы мүшелері туралы тіс жарып, жарымды ештеңе айтпапты. Сәйкесінше әлеуметтік желіге тіркелушілер одан Баян мен қыздары туралы сұрап, жамырасқан. Оған ол: „Баянда шаруам жоқ„ деп қысқа қайырады. Сол секілді Нағима ағасының қос қызымен араласпайтынын айтқан, бірақ оның себебін түсіндірмейді.

Нағима және Бақытбек Есентаевтардың анасы олардың бала күнінде, ал әкелері есейген шақтарында қайтыс болған. Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек ата-анасының орнын жоқтатпау үшін көп еңбектенген.

«Өмірдегі ең қымбат, құрметті, асқар тау, ағатайым менің!

Кім не десе о десін, кім не ойласа соны ойласын.
Мен үшін тек бүкіл әлемдегі ең ақкөңіл, ең ақ жүрек, ең кең пейілді адал жансың. Сен өте көпшілсің, қолың ашық, береген, берекелі жансың. Жанұям дегенде жаныңды беріп, «Алла, Алладан кейін қасиетті ол тек жанұям» деп үнемі айтып жүруші едің. Осы бір керемет қасиетіңді біреу білсе, біреу білмес.

Екі ай болды жан айқайымды өзіңе жеткізгім келеді, бірақ өзіңмен кездесуге барғанда тамағыма тығылған өксігімді өзіңнен жасырып, бетіңе күліп қарап, осалдығымды білдірмей қайтам.
Өйткені сен өзің үйреткенсің маған: «Артымнан ерген жалғыз қарындасым менің, сен ұл балаға бергісізсің. Ешқашан ешкімге қиналғаныңды, жылағаныңды көрсетпе, мойыма, өйткені мен бармын, сенің қамқоршы тірегіңмін», деп. Мен ес білгелі анамның жоқтығын да білдірмедің. Қатардан қалдырмай, не кием, не жеймін, не мінемін, қайда тұрамын, қайда барамын дегізбедің. Сендей қамқор жан ешқашан менде болған емес. Ренжімеші, бүгін сенің тіліңді ала алмай қалдым. Неге екенін білмеймін, бүгін не алқынған кеудемді, не егіліп аққан көз жасымды тыя алар емеспін», – деп жазады Нағима Есентаева.

Есентаева ағасының жомарт жан екенін, қолда барымен әркез туған-туыстарымен, дос-жарандарымен бөлісетінін жеткізеді.

«Сұңқар құс шашып жейді,

Қара құс басып жейді.

Сауысқан тыңып жейді, – деген сөздер ойыма түсіп кетті, өйткені сен біздің сұңқар құсымызсың! Өйткені сен өмір бойы Алланың өзіңе берген несібесін жеке өзің ғана жемей, жанұяңа, ата-анаға, ата-ене, ағайын-туыс, бауыр, әпке, қарындас, дос-жолдас, тамыр-таныс, көрші-қолаң – бәрімен бөлістің. Осы сөзі өтірік десе, менің бетіме келіп айтсын. Ендігі алдағы тілерім осы екі көзіңнің ағы мен қарасы ерке қыздарыңның қызығын көріп, бақытты өмір сүрсең екен», – деп ағынан жарылды ол.

Ағасының хал-жағдайын сұраған жанға ол:

“Барып тұрам, әрине, бірақ келесі кездесу 9 айдан соң ғана беріледі. Сыртынан қалын сұрап, тамағын апарым тұрамын”, – деп жазады Нағима Есентаева.

kaz.365info.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста