Байқаңыз, балалар ашуланшақ болып барады...

Байқаңыз, балалар ашуланшақ болып барады...

Қабық тимей қаңқ етіп, шыбық тимей шыңқ ететін балалар бүгінде артып барады. Тіпті ата-аналар да титтей балаларын тәрбиелей алмайтын күйге жетті. Жүйкесі сыр беріп, бірден жылап қоя беретін, не болмаса агрессивті түрде әке-шешесіне шап етіп, өз дегенін істеткенше тынбайтын балалардың көбеюіне не себеп? Тіпті дені сау балалардың біртіндеп психологиялық ауытқушылығы бар балалардың қатарына қосылуын қалай түсінуге болады? Күн сәулесін түсірмей, бетіне жел тигізбей өсірген ұл-қыздарымыздың болашағы қандай болмақ? Бүгінгі санымызда осы бір өзекті жайды оқырмандарымыздың ой елегіне салмақпыз...
Сараптап көрейікші. Шынымен де, балалардың психологиялық ауытқушылығы неге байланысты? Біріншіден, ойға оралатыны, әрине, компьютерлік эпидемияның көзімізді көгерткені. Ресми деректерге қарасақ, қазақ елінің қазіргі балаларының 80 пайыздан астамы компьютер мен ұялы телефонға қазірден бастап толықтай тәуелденген. Шұқшия қарап, қасынан бір елі шықпайды. Тіпті дала бетін көрмейтін, виртуалды өмірге қазірден бастап бой алдырған балалардың үлес-салмағы еселеп артқан. Атап айтқанда, компьютер клубтарында ертеден қара кешке дейін қамалып отыратын балалар көп. Әрине, ақпараттық технологиялар мен сан мыңдаған ойындардың бала санасына қаншалықты әсер ететінін ойлап жүрміз. Алайда осы мәселені түбегейлі қарастырмасақ, іс тіпті насырға шабатын сияқты.
Білім және ғылыми министрлігінің ресми жариялаған дерегіне қарасақ, елімізде қазір 700-ден астам компьютер клубтары жұмыс істеп тұр. Ал күн сайын осы клубтарға 1500-2000-ға жуық балалар қатынап уақыттарын өткізетін көрінеді. Кемінде 2-4 сағат бойы монитордан көз алмайтын, тапжылмайтын балалар тіпті компьютерге тәуелділікке тап болған. Ал дәрігерлер болса балалардың күніне 20 минуттан артық отыру оның ағзасына зиян тигізетінін айтып дабыл қағуда. Тамақ ішпестен, дем алмастан тәуліктеп компьютер алдында отыратын балалардың ойлау қабілеті төмендеп, оқуға қабілеті азаятын көрінеді. Мектептен қашып шығып компьютер клубына баратын балалар ұстаздары мен ата-аналарының ескертуін де құлағына ілмейтін болған.
Бүкіләлемдік денсаулық сақау ұйымы компьютерлік ойынқұмарлық қазір нашақорлық пен араққұмарлықпен қатар тұрғанын мәлімдеді. Ал бұл құмарлықты жеңу, ақпараттық тәуелділіктен қалыпты өмірге баланы қайта әкелу қиынға соқпақ. Таза ауа жұтпай, компьютер алдында тапжылмай түнгі уақытта да отырған балалардың физилогиялық-психологиялық дертке ұшырауы ғажап емес. Әсіресе балалардың компьютердегі жойқын күшті кейіпкерлерге еліктеп жолындағын жайпай жүретін агрессивтілікке бой алдыруы мүмкін. Психотерапия, психатрия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығы мәліметтеріне қарағанда, компьютерлік тәуелділіктен психологиялық ауытқушылыққа ұшыраған балалар жиі түседі. Ал сауалнама жүргізген Білім және ғылым министрлігі компьютерге тәуелді балалардың 20 пайызының басы ауыратынын, 33 пайызы көзінің тез талатынын, 14 пайызы елестер көретінін және 5 пайызы ұйқысы нашарлағаны туралы мәлімдеме таратты. Тағы бір алаңдатарлығы, компьютер клубтарына баратын балаларды нашақорлыққа, ішімдікке басқа да жағымсыз істерге баулитындар жетіп-артылады.
Ең өкініштісі, сол монитор бетінде жолындағысын жайпап, қырып-жою, қарсыласын өлтірудің соңы балалардың қатыгез, өзімшіл болуына әкеліп соқтырған. Сонымен қатар психологиялық ауруларға тап болған балалар өз өмірін қиюға дейін баруда. Бас прокуратураның Арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің деректеріне жүгінсек, жылына үш мыңға жуық бала өз өмірін құрбан етеді. Әрине, бұған да балалар психологиялық ауытқушылығының зор себебі бар екендігі анық. Ащы статистикалық деректер еліміздегі психикалық және психологиялық ауруларға ұшырағандардың әрбір төртіншісі балалар екенін растап отыр.
Сондай қайтпек керек? Мәселен, солтүстіктегі көршіміз - Ресейде балалардың денсаулығына және дамуына зиян тигізетін ақпараттардан қорғау туралы заң қолданысқа енген. Оған сәйкес балалар психологиясына зиянын тигізетін ақпараттық технологияларды компьютер клубтарында қойғызбайтын болған. Ал Германияда компьютерге тәуелденген адамдарға көмектесетін арнайы ұйым құрылыпты. Ал Украинада компьютер клубтарының жұмысы толықтай бақылауға алынып, балалардың сабақ уақытында компьютер клубтарына кіруіне тыйым салынған.
Бәлкім, бізге де осындай түбегейлі әрекетке көшу қажет шығар. Әрине, өзге елдердің тәжірибесі бұл мәселені шешуге өз ықпалын тигізуі тиіс. Бұл орайда ата-аналардың да баласының денсаулығына мән беріп, жауапкершілікті жете түсінгені жөн болар ма еді?!.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста