Азаматтық авиация академиясы түлектерінің көбі біліксіздігінен жұмысқа тұра алмай тентіреп жүр

Азаматтық авиация академиясы түлектерінің көбі біліксіздігінен жұмысқа тұра алмай тентіреп жүр

Ұшқыш болса да, ұша алмайды! Алматыдағы азаматтық авиация академиясының түлектері жұмысқа тұра алмай тентіреп жүр. Өйткені төрт жылын сарп етіп диплом алып шыққан жастардың көбі ұшақ тізгіндеуге шамасы жетпейтін біліксіз көрінеді. Бүгін отандық авиацияның мәселесі қаралған жиында мамандар осылай дабыл қақты. Ал Азаматтық авиация комитеті әдеттегідей ақталып әлек.
Көкке көтерілуді аңсап күнде сабаққа келіп жүрген жастар бұл. Азаматтық авиация академиясынан әне-міне түлеп шығатын олардың бірақ ұшақ тізгіндеп кетуі екіталай. Өйткені ұшаққа отыруға ешқайсы дайын емес көрінеді. Отандық авиацияның жай-күйі талқыланған бүгінгі жиында тәжірибелі мамандар осындай пікір айтты.

Яғни жастардың академияда төрт жылын сарп етіп, әрі ақысын төлеп оқығанының бәрі зая келкелі тұр. Өйткені әуе компаниялары оларды бәрібір де жұмысқа алмайды. Шенеуніктер бұған академия түлектерінің ағылшын тілін білмеуімен түсіндіргісі келді.

Көпбосын Тоқпақбаев, Азаматтық авиация комитетінің басқарма бастығы:

-Қазіргі техникада ағылшын тілін жақсы білу керек! Өйткені бізде жаңа айтып кеттім ғой, өте көп шетелден келетін ұшақтар бар. Сол ұшақтармен жақсы жұмыс істеу үшін ағылшын тілін білу керек! Біздің ең бір жаман жеріміз -біз сол талаптарға өзімізді дайындамаймыз.

Елімізде ғана емес, Орта Азия бойынша ұшқыштарды даярлайтын Азаматтық авиация академиясының басшылары да өздеріне шаң жуытқан жоқ. Сұраныстың жоқтығына олар тіпті студенттердің өздерін кінәлады.

Шәміл Берешов, Азаматтық авиация академиясының проректоры:

-Білімі нашар студенттер аз емес. Жұмысқа тұра алмай жүргендері сол үшін. Бірақ олардың емтиханды қайта тапсырып, қайтадан оқуға түсуге мүмкіндіктері бар.

Тілден бөлек техникадан да кілтипан бар екен. Өйткені аталған академияда шәкірттер әлі кеңестік әуе кемелерін оқып жүр. Сондықтан дәл қазір авиация саласында «Эйрбас», «Боингтарды» көкке көтеретін маман жоқтың қасы.

- Астанада апта сайын боласыз. Неге министрге айтпайсыңдар? Министрге барайық десек, «өздерің барыңдар» дейсіз.

Әуе компаниялары әбден шымбайға батқан бұл мәселені көтергенімен оны тыңдайтын құлақ табылмады. Ал бүгінгі жиынға келген Азаматтық авиация комитетінің өкілі «бәрін жасап жатырмыз» деп құтылды.

Көпбосын Тоқпақбаев, Азаматтық авиация комитеті басқарма бастығы:

-Енді сол үшін жұмыс істеп жатырмыз ғой түзету үшін . Жұмыс көп, жұмыс көп, жұмыс істелініп жатыр. 

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста