Азалы отбасыға жалданып жоқтау айтуды кәсіпке айналдырған ананың әңгімесі

Азалы отбасыға жалданып жоқтау айтуды кәсіпке айналдырған ананың әңгімесі

Жасыратыны жоқ, қазіргі қоғамда өзге біреудің қайғысынан пайда тауып, қалтасын қалыңдататындардың қатары көбейіп келеді. Бұл «кәсіпкерлер» көпшілік арасында жалданып жоқтау айтушылар деген атқа ие болып жүр. Естігеннің төбе шашын тік тұрғызатын «мамандардың» күн санап қатары артып келе жатқандығы жұрттың жағасын ұстатуда.
STAN.KZ сайтының Қызылордадағы тілшісі «жалдамалы кісі жоқтаушылармен» ашық сөйлесіп жұмыстары жайлы білген еді.

Шындық қаншалықты ащы болса да, бұл жиі кездесетін, тіпті үйреншікті құбылысқа айналды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жалданып жоқтау айтушылар Қазақстанның солтүстігінде көптеп кездессе, қазір бұл кәсіпті меңгеріп жатқандардың арасында кейбір қызылордалық қариялар да бар. Солардың бірі – 54 жастағы Зәуреш Әбділда. Екі ұлы алғашында анасының жоқтау айтып ел аралап кетуіне қарсы болыпты. Зәуреш ананың айтуынша қазір үйреніп қалған.

«Менің атам да, әкем де молда болған кісілер. Олар діни тұрғыдан өте сауатты болды. Содан болу керек, қазақи салт-дәстүрлерді жақсы білемін. Бата беруді, жар-жарды әндетіп салуды, жоқтау айтуды бала кезімде үйренгенмін»,-дейді Зәуреш Әбділда.

Әңгімесін осылай бастаған Зәуреш апа қазір жоқтау айтушыларға сұраныстың көп екенін мойындады. Бірақ бұл кісілердің тамадалар мен әнші-бишілерден айырмашылығы, олар тапсырыс берушілерді іздемейді екен. Үйінде кісі қайтыс болған адамдар жарнамасыз-ақ тауып келетінін айтады.

«Көбіне жоқтау айтып беруімді өтініп, өзге облыстардың тұрғындары іздеп келеді. Оның ішінде Ақтөбе, Петропавл мен Павлодардан сұраныстар көп. Мүмкіндігім болса, барып келуге тырысамын. Бүгінгі қоғамда жоқтау айтушыларға қалыптасқан пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Ақшаға тіреліп қалған ештеңе жоқ. Кейде бас тартсам, ренжіп кетеді. Ондай кездері басқа қарияларға жөн сілтеймін», – дейді Зәуреш Әбділда.

Ақ жаулықты ана Қызылордада күн санап жалданып жоқтау айтушылардың қатары артып келе жатқанын айтады. Қызметтеріне сұрайтын ақылары да әртүрлі екен.

«Өз басым, пәленбай мың төлейсің деп айтып көрген емеспін. Бергенін аламын. Көбіне он мыңнан жиырма мың аралығында төлейді. Ал, алыс облыстарға барсақ, көбірек береді. Кейбіреулерінің ақша беруге мүмкіндіктрі болмаса, ормал тағады. Оған да қанағат», – дейді Зәуреш апа.

Зәуреш Әбділданың негізгі мамандығы – аспаз. Тойларға палау пісіріп, ет асып нәпақа тапқан кездері де болыпты. Бірақ кейін денсаулығы сыр берген. Бастапқыда балалары мен жақын туыстары қарсы болыпты. Зәуреш апа кісі қайтқан үйден келгеннен кейін біраз күн төсек тартып қалатынын айтады. . Әсіресе, жас өлім қиынға соғады екен.

Қоғам қаншалықты қарсылық білдіргенімен, жалданып жоқтау айту күнделікті өмірімізге сіңісіп келеді. Алайда, дін қызметкерлері бұл құбылыстың мұсылмандыққа жат екенін айтып, дабыл қағуда.

«Халық арасында ақылы жоқтау айтушылар туралы естіп жатамыз. Яғни, өлікті жоқтап беретін, жоқтау айтатын арнайы адамдардың болатыны. Бұл дұрыс емес. Өйткенi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) имам әл-Бухари мен Муслим (р.а.) риуаят еткен хадис шәріпiнде:

“Бiреу қайтыс болғанда бетiн ұрғылап, тырнап, үстiндегi киiмiн жыртып және надандарша айқайлап жылаған адам бiзден емес”, – деген.

Ал, өзіне қатысы жоқ адамды жоқтауға жалданып, мұндай тірлік көрсету тіпті әртістердің әрекетіндей ерсі көрінері анық. Қайтыс болған кісінің артынан жоқтау айтқанның орнына ол кісінің атынан, мүмкін болса, садақа беріп, Құран оқытқан сауап болады», – дейді Қызылорда қаласындағы Айтбай мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеов.
stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста