Астана мектептерінің бірінде мұғалімдер секспен айналысқан

Астана мектептерінің бірінде мұғалімдер секспен айналысқан

Астанадағы мектептердің бірінде 6-сынып оқушысы спорт залдың шешінетін бөлмесінде секспен айналысып жатқан мұғалімдердің үстінен түскен. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Оқиға 25 қазан күні Астанадағы №5 гимназияда орын алған. Осы мектепте оқитын 12 жасар Кәрім деген оқушы спорт залдың киініп-шешінетін бөлмесінде бір-бірімен жыныстық қатынас жасасып жатқан мұғалімдердің үстерінен түскен.

Бала анасының айтуынша, сол күні Кәрім дәрігерлік-консультациялық дайындық бойынша денешынықтыру сабағынан босатылады. Сондықтан ол спорт залына бармай, ұл балалар шешінетін жерде қалып қояды.

«Кейірінек мұнда бір жігіт және қыз – екі мұғалім келеді, олар менің ұлымнан басқалардың баскетболды қалай ойнап жатқандарын көру үшін сыртқа шығуды өтінеді. Мұны дұрыс қабылдаған балам шығып кетеді. Бірақ бес минуттан кейін шешінетін бөлмеге қайтып келіп, жарықты жағып қалады. Сол кезде сүйісу мен ыңырсуды естіп қалады. Қайталап айтамын, жарық өшірулі тұрған. Біз бұдан әрі не болатынын жақсы түсінеміз, әрине, секс! Ұлым қарап тұрмай: «Мұнда сіздер не істеп жатырсыздар?» деп сұрайды. Бұған жаттықтырушы сыртқа шығып тұруды айтып, жауап қайтарады. Бірақ ұлым: «Өздеріңіз кетіңіздер, бұл – балалардың шешінетін жері» деп жауап береді. Осыдан кейін денешынықтыру пәнінің мұғалімі оны ұрмақшы болып қорқытады. Ұлым сонда: «Ұрып көр, мен қорықпаймын», дейді», – деп әңгімелейді Кәрімнің анасы.

Әйел педагогтардың бұл әрекеттеріне қатты ашуланып отыр.

«Мұғалім жақындап келіп, түртіп жібермекші болады. Осыдан кейін екі қолымен жағасынан ұстап алып, бар күшімен лақтырып жібереді. Ол оңбай құлап қалғаннан кейін шешінетін жерде жігітпен бірге болған мұғалім қыз келіп, ара түседі. Жігіт есікті тарс жауып, шығып кетеді», – дегенді қосты сосын әйел.

Оның айтуынша, ұлы осыдан кейін болған жайды сынып жетекшісіне жеткізген.

«Бірақ ең сұмдығы сол – жабулы қазанды жабулы қалдыру үшін маған ешкім қоңырау шалған жоқ, ешкім мені мектепке келіп кетуге шақырған жоқ. Тек мен кешке үйге келгеннен кейін ұлым болған жайдың бәрін айтып берді. Сосын арыз жазу үшін полицияға бардық. Сол жерде мұғалімнің әрекетінен ұлымның кеудесіне сызат түсіп қалғаны белгілі болды. Бізге дереу сараптама тағайындалды», – деді әйел.

Ол сонымен бірге қазір баласының сөзіне лицейде ешкімнің сенбей отырғанын да айтты.

«Мұғалімдер мұның бәрін менің балам ойдан шығарып отыр дегенді айтады, оны өтірікші етіп көрсеткілері келеді», – деді алтыншы сынып оқушысының анасы.

Қазір әйелдің жазған арызы бойыншы ішкі істер департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізумен айналысып жатыр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста