Ақтөбеде телефон сататын сақалдылар мен құмалақшылар сыйыспай жүр

Ақтөбедегі телефон сатушы жігіттердің жұмысы қызып тұр. Тұрғындар бағасы базардан арзан телефонды сатып алуға жиі барады. Базар маңында ұсақ сауданың жанында бал ашып отыратын құмалақшылар болса, телефон сатушы жігіттермен сыйыспай жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.
Адам аяғы көп жүретін жерде құмалақтары мен картасын жайып қойып отырған Базаргүл Елдесова өзін «қасиет дарыған киелі адаммын» деп ерекшеледі.

«Мен құмалақ ашпаймын, заманауи боламын деп жүрдім. Оның бәрі бекер болды. Мені бойымдағы күшім жатқызбайды, өзім арқасы бар адаммын. Маған аян кішкентай кезімнен келген. Батаны адамнан алған жоқпын, моладан алдым. 536 жылдан бері тұрған мола маған аян беріп, арқалы қылды. Ол моланың жер бетінде тұрғанына 1500 жылдай болған. Соның күшімен карта саламын. Алдымда карта да, құмалақ та бар. Олар тек көмекші құрал. Ал адамның өмірі туралы бетіне қарап айтып беремін. Адамдар көбіне жоғалған жылқыларын, малдарын сұрап келіп тұрады. Басқа қалалардан да хабарласып тұратындар бар. Менің айтқанымның бәрі тура келеді», - дейді Базаргүл Елдесова.

Құмалақшы қызметінің бағасы туралы айтып отырып тоқтап қалды. Ол қасына отыра қалып, құран аяттарын оқып жатқан жігітке алғашында үркіп қарағанымен кейін әңгімесін қайта жалғады.

«Қасыма адам келсе, телефон сатып жүрген осы жігіттер отыра қалып арабша бірдеңе оқып жатады. Оқи берсін, ол оқығанда мен тазармасам, зиян алмаймын», - деген құмалақшының сөзі телефон сатушы жігітті ашуландырды.

«Қой апа, қой дедім! Өтірік айтпа! Сендер шайтанмен байланысып, отырып алып адамдарды алдап отырсыңдар. Ей, шайтан, мені халқым шақырады дегенді қосып алдап қой», - деді телефон сатушы құмалақшыға даусын көтеріп.

Құмалақшы бал аштыруға келген адамдармен әңгімесі осылай аяқталатынын айтты. Айтуынша, полиция қызметкерлері де топ болып телефон сатып жүрген оларға келгенде қауқарсыз екен.

«Полиция дейсің бе? Шақыр осы жерге! Не деп шақырасың? Полицияны жетектеп әкел, мен олардан қорқайын деп тұрған жоқпын» деген телефон сатушы полиция дегенді естігенде одан сайын ашулана түсті.

Құмалақшылар олардан қорыққандықтан көп жағдайда қарсы келмейтіндерін айтады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста