Ақтөбе облысында мұғалімдер дәретханада жұмыс істеп отыр (фото)

Ақтөбе облысында мұғалімдер дәретханада жұмыс істеп отыр (фото)

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы мектептердің бірінде мұғалімдер әжетханаға арналған бөлмеде отыр. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Мектептегі екі дәретхананың бірі 30 ұстазға арналған мұғалімдер бөлмесінде болса, екінші дәретхана медбике бұрышына айналған.

Мұғалімін дәретханада сыйлайтын «білімділер» Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында отыр. Ырғыз ауданынан 150 шақырым жердегі ең қашық елді мекендерінің бірі Жайсаңбай ауылындағы жағдай мәз емес. Өтебай Қанахин атындағы жаңа мектеп жайы жаға ұстарлық күйде. Мектеп қызметкерлері алыс ауылға білім министрінің мойнын бұрғанын қалайды. Жаңа мектеп ішіндегі әжетханада әжуаланып отырған әріптестерінің бар екенін білсе екен дейді.
«2014 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа мектеп қолданысқа берілді. Мектепке кіргенімізбен, білім ордасы орта мектеп базасына сай емес. 11 класс және даярлықпен 12 класс болу керек. Бірақ, бізге 5 кабинетті ғана қолданысқа берді. Екі кабинет жетпеген соң директор бөлмесі мен мұғалімдерге арналған кеңсені оқушы класы ретінде пайдаланып жатырмыз. Директорымыз медбикеге арналған бөлмеде отыр. Ал, медбике мен мұғалімдер бөлмесі ретінде екі дәретхананы пайдаланып отырмыз», - дейді Өтебай Қанахин атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Інжугүл Мырзатаева.
Унитаздың қасында отырып, қағаз жазатын ұстаздар бұл қорлықтың қашан бітерін білмей отыр. Басынан жобасы жүйеленбей қалған мектептің қадірлі орны әжетханаға айналды.

«Өткен жылы ғана қолданысқа берілген мектептің сапасы сын көтермейді. Ғимараттың іргесі ашылып кеткен, іші салқын. Біз білім ордасындағы тәрбиеге де кері әсер етер деп балаларды дәретхананың ішіне отырғыза алмадық»,- дейді мектеп қызметкерлері.

80-нен астам түтіні бар Жайсаңбай ауылының тұрғындары осыған дейін 1972 жылы салынған ескі мектепте оқыды. Қабырғасы үгітілген апаттық жағдайдағы негізгі мектеп 2014 жылы орта мектепке ауысты. База кеңейіп, сапа салмақталады деген. Сөйтсе, олары арман болып шықты.
Оқушыларға арналған бес кабинеті бар жаңа мектеп талапқа сәйкес емес. 103 оқушы білім алатын жаңа мектепте спорт зал да жоқ. Онда жұмыс істейтін 30 мұғалім мен 14 кіші қызметкер мектепке сыймай жатыр.
Қазақстанның бас ұстазы әжетханада отырған әріптестеріне араша бола ала ма?

Алыстағы ағайын ауданнан шалғай жатқан елді мекенде жол қатынасының қиынға соғып тұрғанын айтып қалды. Айтуларынша, шағын ауылдағы 3 дүкенде азық-түлік бағасы удай.

«Аз қамтылған отбасылардың қалтасы көтермейді. Мысалға, 50 келі ұн 6000 теңге, 25 келі шекер 7500 теңге, сұйық май 5 литр 2200 теңге, 5 келі макарон 1000 теңгені құрайды. 2015 жылы қолданысқа берілген ауыз су апта сайын істен шығып тұр. Жиі тоқтап қалады», - дейді ауыл тұрғындары. 

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста