Ақтаудағы дәріханаларда құрамында есірткі бар трамадол препараты емін-еркін сатылып келген. Мұны облыстық есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы рейд барысында анықтаған. Фармацевтер жасырын келген құқық қорғаушыларға артық сұрақ қоймастан трамадолды рецептісіз сатқан. Аталған препаратты оңай сатып алуға болатындықтан, соңғы кездері мектеп оқушылары арасында оларды қолданушылар саны жиілеген. Бұл деректі полицейлер растап отыр. Жалпы трамадол – онкологиялық ауруларға қолданылатын, бірқатар қарсы көрсетілімдері бар дәрі. Оны есірткіге тәуелділік болған кезде, жүйке күйзелісінде, бауыр мен бүйрек ауырғанда қолдануға болмайды. «Ол ұйықтататын дәрілердің, алкогольдің әсерлерін күшейтеді. Трамадолға Қазақстанда тыйым салынбаған, ресми түрде есірткі деп танылмаған, алайда оны дәрігердің тағайындауынсыз сатуға болмайды», - дейді мамандар. Азамат Сәрсенбаев, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі -Заң бұзған дәріхана басшылығын жауапқа тарту мақсатында барлық материалдар жинақталып, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстық бөлімшесіне тапсырылды. Құрамында есірткі бар препаратты дәрігердің рұқсатынсыз сатқаны үшін ол 130 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.
Ақтау дәріханаларында құрамында есірткі бар «трамадол» еркін сатылып жатыр
Читайте также
Көгілдір әлем құпиясы немесе Алматыны гейлер ордасына неге айналдырдық?
Бір жыныстылар суррогат ана іздеп жер бетін шарлап жүр
Түнде жұмыс істейтіндердің құқығы тапталып тұр
Байқаңыз, балалар ашуланшақ болып барады...
Ақын Қайрат Әлімбектің құлпытасын күреп тастауы мүмкін
Студентті сүлікше соратын жемқор ЖОО-лар анықталады
Последние статьи автора