Адам құқықтарының сақталуы және аз уақытта жеткен жетістіктеріміз.

Адам құқықтарының сақталуы және аз уақытта жеткен жетістіктеріміз.

Әр елдің салты басқа иттері қара қасқа. Егер сіз Австралияға бара қалсаңыз қара киініп жүре алмайсыз. Себебі сізді ұры деп есептейді. Ал Мексикада сақал қойып жүруге мүлдем тиым салынған. Егер сапсиған сақалыңды полиция қызметкерлері байқаса көшенің тәртібін бұзды деп оны елдің көзінше ұятқа қалдырып тұрып алып тастауға құқылы. Ал көршіміз тәжіктерде мемлекеттік қызметкерлердің бірде бірінде алтын тіс болмауы тиіс. Аузыңнан алтынның нұры шашылса, сен мемлекет қазынасын тонаған болып есептелесің. Ал Гонконгта егер күйеуі әйелінің көзіне шөп салса, онда әйелі күйеуін өлтіруге ерікті. Тек мұнда бір шарт сақталуы тиіс. Алданған әйел күйеуін ешбір қарусыз, қолымен жазалауы керек. Бұл күнде киім атаулының небір түрі шықты. Демократиялық заңнамаларға сәйкес көшеде не киіп жүрсеңіз де еріктісіз.

Ал Грециада мемлекетінде суға түскенде киетін киім (купальник) мен ышқыры төмен орналасқан джинсы киген азамат 270 АҚШ долларындай айыппұл төлейді. Сингапур - тазалықты қатаң бақылайтын ел. Егер демалысыңызды осы елде өткізем десеңіз, қоқыс салатын дорбаңызды бірге ала жүріңіз. Себебі Сингапурлық құқық қорғаушылар кішкентай қоқыс үшін сізден 500 АҚШ долларын қағып алуы мүмкін. Ал, Қытайда нәзік жандылардың аяғына қарауға болмайды. Олардың заңы бойынша әдемі аяққа қарау құны тым қымбатқа түседі, аяққа көз салдыңыз ба, бірнеше күн бас бостандығынан айырылдым дей беріңіз. Сондай-ақ Қытайда суға батып бара жатқан адамды құтқару - заңға қайшы әрекет болып саналады. Өйткені бұл әрекет адамның жеке өміріне қол сұғумен пара-пар.Ал, Израильдің Кирият-Моцкин қаласында демалыс күндері жарықты жағуға және дауыс көтеріп сөйлесуге заң тыйым салады. Ал Сауд Арабиясы нәзік жандыларға көлік айдауға тыйым салады. Сондай-ақ аталмыш елде тұратын әйел азаматы дәрігер мамандығын иемдене алмайды. Бұған заң үзілді-кесілді қарсы. Мәселен Оңтүстік Африка елдерінде мектепті аяқтасаң –ақ болды, президент болуға мүмкіндігің бар. Ал Үндістанда көшедегі сиырдың маңына жолауға болмайды. Ата заңдарында жазылған қасиетті жануарларына тиіссең, өлім жазасына бірден кесілесің.
Ал бізде әркім қалай киініп, қалай жүрем десе де өз еркің.Ұзын немесе қысқа киім кисең де ешкім айыппұл салмайды. Қара түсті киінсең “ұры” да атанбайсың. Шетелдегідей алтын тісің мен сақалыңа ешкім жармаспайды. Өйткені біз зайырлы мемлекетпіз. Зайырлы мемлекетімізде сөз бен дін бостандығына да еркіндік берілген. Ал Үндістандағыдай бізде сиыр сияқты жануарларды емес адамды басты орынға қояды. Өйткені конституциямыздағы алғашқы бапта “мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқығы” екені айқын көрсетілген. Сондықтан кез-келген адамның орта және жоғары білімді тегін немесе ақылы алуына мүмкіндігі зор. Әсіресе Сауд арабиясындағыдай кыздардың көлік айдауына ешкім шектеу қойып, медициналық қызметкер атануыңа бірде бір заң кедергі жасай алмайды. Құдай оның бетін ары қылсын Гонконгтегі сияқты әйел адамның ер адамды қандай жағдайда болсын өмірін қиюға жол берілмейді. Ондай адамдардың сотқа шағымданып өз еріктерімен ажырасуларына, тіпті болмаған жағдайда қылмыстық кодекс бойынша әділ жазаларын алуға мүмкіндік берілген. Ал суға тұншығып кетіп бара жатсаң Қытай жұртшылығындай “тағдырдың жазуы” деп ешкім қарап тұра бермейді. Құтқарушы немесе кез келген қайырымды жан адамды аман алып қалуға талпынады. Ал сол Қытайдағы сияқты біздің елде кімнің аяғына қолына көзіне қараймын десең де өз еркіңде. Әдемілікке сұқтанғаның үшін сені ешкім жазаламайды. Ал Сингапурдегі сияқты біздің елде көшеде, паркте қыдырып жүргенде қоқыс дорбасын ешкім саған арқалатпайды. Қоқыс тастап жатсаң айыппұл төле деп жағаңа да ешкім жармаспайды. Өз ақылың білсін деп, тазалаушылар уақытын бөліп тазалауға тырысады. Қысқасы бәрін айт та бірін айт, елдегі адам құқығының жырын айтсақ, басқа демократиялы елдердің қарапайым адамның құқығын шектейтін қисынсыз заңдарын оқыған кезде өзелім өлең төсегім екен деген пікірге қаласың.
Әсіресе егемендік алған жылдардан бері қазақ елі мемлекетіміздің тұтастығын сақтау үшін талай сүрлеулерден өтті. Басқа елдердің дұрыс заңдарынан үлгі ала отырып, өз заңдарымызды бекіттік. Адам құқығының тапталмауы үшін талай ұйымдарға да мүше болып, небір хартиялардың қабылдануына мұрындық болдық. Оған дәлел Қазақстан адам құқықтарын сақтау, қорғау және көтермелеу саласында БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға мүше бола отырып, елімізде қалыптасқан ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің механизімін көрсетіп берді. Яғни діні тілі, көзғарасы тіпті салт дәстүріне дейін бөлек 130 дан астам ұлтты бір жұдырықтың ішіне жұмылдыра білудің нақты үлгісін іс жүзінде дәлелдеп берді. Оған Қазақстан Ассамблеясын жатқызуға болады. 1995 жылы саяси әрі мәдени ұйымға айналып шыға келген Ассамблеяға мүше ұлттармен ұлыстарға елімізде бар жағдай жасалған. Ұйымның негізгі бағыты этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру. Сол үшін қазақ елі оларға ұлттық мектептерін де ашып берді. Мәдениет ошақтары мен өз театрлары бар. Тіпті ол аз болса, депутаттық квота да қарастырылған. Алайда мұндай жағдай өзге елдерде жоқ механизм.
Сондай- ақ, елімізде нәсілдік кемсітушіліктің болмауы, Елбасы жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның атқарып жүрген құқық қорғау жұмысы, білім алу құқығының сақталуы, Қазақстанның адам құқықтарына қатысты 60-тан астам көпжақты халықаралық пактілер мен конвенцияларды, келісім-шарттарды ратификациялауы және олардың талаптарын орындауы, адам құқықтарын қорғауға қатысты Ұлттық жоспар, Қазақстаннның құқықтық дамуына байланысты қабылданған тұжырымдамалар, әсіресе халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына арналған құқықтық Цифрлы кітапхананың жұмысы, биліктің үкіметтік емес ұйымдармен өзара ықпалдасуы мен әріптестік қатынасты дамыта түсуі жетістік деп бағалауға әбден болады.
Сонымен қатар нарықтық заман болғаннан кейін елімізге шеттен келетін келімсектер де жетерлік. Әсіресе жаз айында арзан жұмыс қолы болуға келісімін берген мигранттардың легі шексіз. Егер олардың бірі құлдыққа немесе күндікке жегіліп қиын жағдайға тап болса миграциялық полиция мен еліміздегі жеке меншік ұйымдар қол ұшын созады. Мәселен миграциялық полиция құжаты жоқ келімсектің құжатын қалыпқа келтіріп, оның отанына аман есен жетуіне заңдық тұрғыда көмектессе, ал еліміде халыаралық гранттармен жұмыс істейтін ұйымдар оларды уақытша баспана, киім кешек, тегін тамақпен қамтамасыз етіп, психологиялық, заңдық көмек берумен ғана шектелмей, қосымша білім алып, жұмысқа орналасуларына да қол ұшын созады. Ондай ұйымдардың елімізде саны жиырмадан асады.
Ал өзге мемлекетке оқуға, жұмыс істеп сапарлауға шыққан отандастарымыз қиын жағдайға душар болған күнде Сыртқы істер министрлігінің көмегіне жүгіне алады. Оған биылғы болған жағдайлар айқын дәлел бола алады. Биыл Америкаға жұмыс істеп сапарлап қайтам деген Павлодарлық Айнұр Ахметова белгісіз жағдайда көз жұмса, аталмыш бағдарламамен барып, кейіннен америкада қалып қойған отандасымыз Кириль Денякин полицейдің қолынан оққа ұшты. Ал Австралия асып тай елінің азаматынан бала сүйіп, ақыры зорлық зомбылықтың кесірінен қаза тапқан қазақ қызының қайғылы тағдырын да айта кету керек. Сол отандастарымыздың мәйітін елге жеткізу және олардың ата анасына құқықтық көмек беруге аталмыш министрліктің қол созғанын айта кетпеске болмас. “Шетелдегі бірде -бір қандасымызды жалғыз қалдырмаймыз” деп мәлімдеген Сыртқы Істер Министрінің өкілдері жазықсыз жала жабылған Жандос Бақытбекұлына, ал екі жыл бұрын жалған ақша жасаған деген күдікпен түрмеден бірақ шыққаны Әлібек Тайлақов пен Александр Кустовскийді де елге аман есен алып келгені әлі есімізде. Айта берсек мұндай оқиғалар жетерлік. Қуантарлығы сол басына күн туған отандастармыздың құқығын қорғауға келгене ел болып, жұрт болып жұмылатынымыз жасырын емес.
Дегенмен 25 аз жыл емес. Қарапайым адамың өмір сүріп белгілі бір мақсаттарына қол жеткізуі үшін білім мен өнер, ғылым мен медицина салаларында көптеген өзгерістер мен толықтырулар да орын алды. Мәселен бүгін орта және кәсіптік білімді тегін алуға кез келген баланың мүмкіндігі бар. Ал мектепті тамамдаған соң шетелдік немесе отандық университеттерді таңдауға, қалаған мамандығың бойынша байқауға қатысуға да жағдай жасалған. Яғни өз күшіңмен ақылың жетсе грант ұтып аласың, егер оған мүмкіндігің болмаса ақылы түрде білім алуға құқығың бар. Ал мектепті ауылдан бітіріп келген жағдайда отыз пайыздық жеңілдік қарастырылған. Дегенмен соңғы уақытта университетте оқу бағасы шарықтап бара жатқаны шындық. Ал жоғарғы оқу орнын тамамдаған соң жұмыс табу өз еркіңе берілген. Мамандығың бойынша жұмысқа орналаса алмаған жағдайда жұмыссыздар қатарына тіркеліп, қосымша нарықта сұранысқа ие болар тағы басқа мамандық бойынша мамандандырылуға мүмкіндік бар. Ал медицина саласында алғашқы көмек пен жергілікті емханалардағы дәрігерлерге қаралу тегін.
Ал елімізде өткен әлемдік саммиттерді қоспағанда, 2011 жылы талай саңлақ спортшыларымыздың тұсауын кескен Қысқы Азиада ойындары мен биыл ұйымдастырылған Универсиада 2017 спорттық шаралары қазақ елінің тарихы мен мәдениетін дүниежүзі елдеріне паш етіп қана қоймай, кез-келген елмен иық тіресе бәсекелесе алатын қуатты ел екенімізді де көрсетті. Ал халықаралық деңгейдегі ұйымдастырылған “ЕХРО-2017” Астана көрмесінің деңгейі тіптен бөлек. Миллионнан астам шетелдік пен өзіміздің халықтың басын бір қалаға сыйдыра білген көрмеде әлем елдерінің инновациялық жаңа технологияларының тұсауы кесілді. Тың ойлар мен серпінді идеялар қазақ елі үшін болашақтың жаңа бедерін айқындады.
Заман озады, заң тозады. Ал адам ғана өзгеріссіз қалады. Бірақ адамдар азаматтық еркін қоғамда тату тәтті өмір сүру үшін бір біріне сыйластықпен қарайды.Сол сыйласықтың бірі ол заңмен реттелетін адам құқығы. Адам құқығы тапталмаған жерде ол бақытты, ол сенімді. Сондықтан бүгінгі жетістіктер ертең де жетіле беруі тиіс.

Гүлвира Биғалиқызы- журналист

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста