165 батыр ана тұратын ауыл

«Батыр аналар» ауылы. Қызылорда облысындағы Жақсықылыш елді мекенін Сырбойылықтар осылай атайды. Мұнда 165 ардақты ана тұрады. Оның 79-ы алтын, 86-ы күміс алқа иегері. Бұл өлке бұрыннан «Аралтұз» комбинатымен елге таныс болатын. Енді алтын құрсақты аналарымен құтты мекенге айналды. Ауылдағы ардақты аналардың бірі – Талайлы Байарыстанова. 7 құрсақ көтерген. Барлығын да қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірді. Еңбектен де қол үзген емес. 40 жыл ұстаздық өтілі бар. Қазір де қарап отырған жоқ. Келіндерімен бірге құрақ құрап, көрпе көктеп, жас буынды қолөнерге баулиды. Талайлы Байарыстанова, Батыр ана: - Ең қазақылықтың дарыған жері. Дәстүр-салт бәрі дарыған жер. Біздің алдымызда үлкен апаларымыз болды. Солар көпбалалы болып, халықтың алдында өздерін сыйлы сезініп, келген адам көпбалалы ана деп оларды қадір тұта білді. Бізде содан үлгі алған болуымыз керек, қазір менің келіндерімнің де алдында 5-6 балалары бар. Жастық бейнеттің зейнетін көріп отырған Орал Үмбетқызының да өмір жолы өнегеге толы. Зайыбынан ерте айырылғаннан кейін де жеті баласын жерге қаратпаған жігерлі жан. Бүгінде үлкен әулеттің басындағы берекелі тұрмыстың тірегі де, жүрегі де бір өзі. Орал Үмбетқызы, Батыр ана: - Қиын замандар болды. Солардан Алла тағала мені көтеріп, жақсы өттік. Әкесі ерте қайтыс болды. Мен 44 жасымда жесір қалдым. Сол кезде 7 баланың ең кішісі 3,5 жаста болатын. Қазіргі уақытта архитектура мамандығын тәмамдам, облыстың маңдайалды қызметкері болып жұмыс істейді. Жақсықылыш жері сортаң, шөлдік белдемде орын тепкен. Бірақ бұл ауылдың еңсесін өзгелерден биіктетіп тұрған ардақты аналардың мейірімі мен балалардың бал күлкісі. Ақ жаулықты аналарын мақтан еткен ауыл, ақ алтыны – «Аралтұз» комбинатында жырға жиі қосады. Өйткені мұндағы тіршіліктің өзегі осы зауыт. Батыр аналар ауылындағы әр үйде кемінде 5 жеткіншек желкілдеп өсіп келеді. Тағылымды тәрбиенің тұнығынан нәр алған олар да тектілік жолдан таймасы анық. Бастысы – ұлтты сақтаған ұлы аналар ізін жалғаушы ұрпақ бары қуантады.

24.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста