Маңғыстауда туристер үшін алғашқы визит-орталық ашылды

Маңғыстау облысында "Сартас" визит-орталығының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды tengrinews.kz өңір әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сартас" визит-орталығы Каспий теңізінің Түпқараған ауданына тиесілі жағалауында, Таушық ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасқан.

Маңғыстау жерінде танымал "Жығылған", "Саура", "Тамшалы" т.б табиғаты ерекше жерлерге бет алған туристер "Сартас" визит-орталығына аялдап, тынығуға мүмкіндігі бар. Жаңа нысан күніне 100 адамды қабылдауға қауқарлы.

Визит-орталықты жергілікті кәсіпкер Ербол Байжігітов өз қаражатына салған. Жоба құны - 248 миллион теңге.

"Бүгінгі таңда Маңғыстаудың табиғатын тамашалуға келетін туристердің саны күн санап артып келеді. Осы көрсеткіш визит-орталық салуға себеп болды. Түпқараған ауданында табиғаты ерекше, көпшілікке танымал тарихи жерлер бар. Осы жерлерге де келушілердің саны да жыл сайын артуда. Сондықтан визит-орталық аталған жерлерге сапарлап шыққан туристердің тұрақтап, демалатын орнына айналады. Жобаның ерекшелігі, ауданның табиғаты ерекше тарихи және мәдени жерлерінің орталығында орналасқан", - деді "Сартас" визит-орталығының негізін қалаушы Ербол Байжігітов.

Kazakh Tourism төрағасы Талғат Аманбаевтың айтуынша, елімізде туризмді дамыту үшін 20 жоба жүзеге асырылып жатыр. 

"Бұл - Маңғыстау жерінде ашылған алғашқы сапар-орталық. Осындай сапар орталығы арқылы жергілікті туризм де қарқынды дамиды. Солардың бірі "Сартас" визит-орталығында ұйымдастырылады. Біздің мақсатымыз-орталыққа көптеген туристерді тарту, - деді "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ төрағасы Талғат Аманбаев.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста