Айыртау ауданына келуші туристерге барлық жағдай жасалынбақ

Айыртау ауданына келуші туристерге барлық жағдай жасалынбақ

Қазақстанда 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген тұжырымдамасына сәйкес алты мәдени-туристік кластер құрылған белгілі. Сол алты кластердің бірі «Табиғат және көшпелі мәдениеттер бірлігі» Ақмола және Қарағанды облыстарынан, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінен және Павлодар облысының батыс бөлігінен тұрады.
Бұны айтып отырған себебіміз, бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарға қарап, Солтүстіктегі туризм саласын дамыту жайы көңіл көншітерліктей екеніне тоқталмақпыз. Жалпы облыста жұмыс дұрыс ұйымдастырылса келушілерді қызықтыратын жерлер көп. Осыны ескерген аймақ басшылығы, саланы дамыта түсу үшін барлық жағдайды қарастырып жұмыс істеуде.
Жақында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорт аймағының туристiк жерлерiн аралап шықты. Биыл бұл курортта автокараванингты дамыту жоспарланып отыр. Ал, мобилдiк туризмге қолайлы жер Шалқар көлiнiң маңынан табылыпты. Нақты айтсақ «Тұрпан» демалыс базасында арнайы жер үлесi бөлiнiп, инженерлiк коммуникациялары бар автотұрақ пен жорық шатырларына арналған алаң жасау қолға алынбақ. Аймақ басшысы бұл жердi автокараванингке өте қолайлы деп санайды. Сондықтан ендi жобаны iске асыруды жоспарлап отыр. 52 орынға есептелген 13 жазғы үй қонақтарды қарсы алуға сақадай сай. Ал өз табиғат аясында өз шатырларын тігіп демалғысы келетіндерге де барлық жағдай қарастырылып отыр.
Өз сөзінді аймақ басшысы, бұл жерге туристер келiп, шатырларын тiгетінін, автокөлiктерге арнайы орын белгiлеп, күзет қою керектігін айта келіп, жауапты адамдарға әртүрлi сауық түрлерiн ұйымдастырып, жағажай волейболы алаңын құру керектігін де айтып өтті. Сонымен қатар тазалық мәселесінде сөз етті. «Көл жағасы әрқашан да таза болғаны жөн. Дәретханалар да санитарлық нормаларға сәйкес болу керек. Демалыс аумағы тәулiк бойы қорғалуы тиіс. Бұл өте тамаша жер, сондықтан болашақта туристердiң сүйiктi орнына айналады», — деп атап өтті Құмар Іргебайұлы.
Өңiр басшысы жұмыс сапары барысында «Шалқар Су» санаторийiне де барып, жай-күйімен танысты. Демалыс орны қазiр күрделi жөндеудi талап етедi. Шипажай директорының орынбасары Николай Игреневтiң айтуына қарағанда, әсiресе кәрiздiк жүйе тозыпты. Осындай қолайсыздықтарды қолға алып, қаржылай инвестиция құйылсы санаторий туристердiң сүйiктi мекенiне айналып, жұмыс қыза түсері сөзсіз.
Осы жылы курорт аймағында заман талабына сай он демалыс базасы салыну жоспарланып отыр. Бұған қарастырылған инвестициялардың жалпы көлемi 411 миллион теңгенi құраған. Бұл аймақта әлі көптеген коттедждер мен жазғы үйлер, дәмхана және дүкендер салынады. Осы істерге қарап Айыртау ауданында тарихи, емдiк, спорттық, аң және балық аулау туризмi жақсы дамып келедi деп сенімді түрде айтуға болады. Сонымен қатар, яхта және желкен спортын дамыту да жоспарланған.
Нақты айтсақ Имантау-Шалқар курорт аймағында туризм саласы қарқынды түрде дамуда деуге болады. Өйткені жол сапасы ерекше назарда ұсталып, бақылануда. Бір ғана Айыртау ауданына биыл жолдарды жөндеуге 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлiп отыр екен.

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста