Ұлу жылында ұлы державалар сайлауы...

Келер жыл саясат сахнасы үшін ауыз толтырып айтарлықтай ірі-ірі даталарымен есте қалатын сыңайлы. Әсіресе сайлау науқанымен. 2012 жылға «Сайлау жылы» деп ат берсек те жарасатын сияқты. Әлем үшін де, еліміз үшін де. Әуелі әлемдік деңгейге шолу жасап өтсек.
Дүниежүзіндегі ең ірі держава сана­латын АҚШ пен Ресейде президент сайлауы өтпек. Наурыздың 4-інде – Ресейде, ал 6-қарашада АҚШ-та тарих парағында ірі әріптермен жазылатын Ақ үй басшылары­ның есімдері белгілі болмақ. Екі ірі дер­жаваның тағдыры таразы басына тар­тылатын айтулы оқиғаға әлем екі құла­ғын тігіп, дегбірсіздене күтуде. Сайлау нау­қанында қандай оқиғалардың орын ала­тыны, тізгінді кім ұстайтыны, әрине, бас­қа елдерді қызықтыратыны белгілі. Ұлу жы­лында ұлы державалардың президенттік сайлау өткізуі сәйкестік пе, әлде... Сонымен қатар сәуір айында – Франция президенті­нің, 30-маусымда – Египет президентінің, 2-шіл­деде – Мексика президентінің, қыр­күйекте Венесуэла президентінің сайлауы.
Сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының қол астында болған елдердің ішінде Түрік­менстан үшін де биыл айтулы жыл болмақ. Түрікмендер биыл үшінші прези­дентін сай­лауға білек сыбана кіріскелі отыр. Сайлау ақпан айының 12-сіне белгі­леніп те қойды. Белоруссия да, Грузия да пар­ламент сай­лауына сақадай сайланып жатыр. Ал біздің елімізде Парламент Мәжілісінің сайлауы 15-қаңтарда өтетіні белгілі. Бұдан бөлек салмақты саяси оқиға­ларымен де есте қалмақ. Жыл басында Ирландия ОБСЕ-нің тізгінін ұстайтын болады. Қазақ­стан, Ресей және Белоруссия бірыңғай экономикалық одақ аясында бас біріктіре жұмысын бастайды. Сондай-ақ келер жы­лы еркін экономикалық аймақтың барлық ТМД құрамындағы елдерге келісім жүргізілуі мүмкін деген болжам да жоқ емес. Қалай болғанда да, әлемнің қай түкпірінде болса да бейбіт өмір мен тұрақ­тылық салтанат құруын тілейміз. Сайлау тыныш өтсін деп...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста