Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру – заман талабы

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру – заман талабы

Қазақ елі күллі әлем алдында өз Тәуелсіздігін мойындататын сындарлы кезеңді артта қалдырды. Бүкіл әлемдік қоғамдастыққа саяси-әлеуметтік, саяси-экономикалық табыстарымен танымал болу, сырт­қы саясатта халықаралық беделге қол жеткізу, аз-ақ уақыт­тың ішінде демократиялық құн­ды­лықтарға толығымен жауап беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру кез келген мемлекет үшін оңай шаруа емес. Қуанарлығы сол – біздің Тұңғыш Президентіміз сауатты саяси қадамдары арқылы жалпы халықтың көңілінен шығатын мемлекеттің іргетасын берік етіп қалап берді.

Парламентаризм
Үш ғасырға жуық отарлау саяса­тының тепкісін көрген елдің бірден демократиялы тәуел­сіз елге айналып кетуі – оңай шаруа емес. Ұлттық мем­лекет құру жолында мемлекет құраушы қазақ ұлтымен, елдегі өзге диаспора өкілдерімен және сыртқы күштермен ортақ диа­­лог­ке келу керек. Ал ол ор­тақ диалогке парла­мен­таризм инс­ти­тутын қалып­тас­тырып, заң шы­ғарушы орган­ның беделін арт­тыру арқылы ғана қол жет­кі­зу­ге болады. Себебі тәуелсіз елдің бар­лық қадамы, бүкіл шешімі заң шең­­берінде шешілмесе, мем­лекет­тің шаңырағы шайқалары белгілі. Осыны түйсінген Елба­сы­мыз­дың бастамасымен 1995 жылы ре­фе­рен­дум өткізіп, жаңа Конс­ти­ту­ция­мызды қа­был­­дадық. Сол Ата Заңда тұңғыш рет парламент түсінігі ресми бекітілді. Қазақстан екі пала­талы парламенттік жүйеге таң­дау жасау арқылы ТМД елдері ішін­дегі алғашқы уни­тарлы мем­ле­кетке айналды. Осылайша қысқа мерзім­ ішінде геосаяси кеңістік жүйе­сінен өз орнымызды белгілеп, ұлт­тық-мемлекеттік мүд­де­ле­рі­мізді қорғай алатын дәрежеге жет­тік.
Көппартиялылық
Әрине, Тәуелсіздік алып, пар­ламентаризм институты қалыптаса бастаған соң, елі­мізде ондаған пар­тия құрылды. Кейбірі тарап, енді біреулері бірігіп үлкен саяси күшке айнал­ды. Оларды түгендеп жату мүмкін емес. Сондықтан да жалпы көппартиялық жүйе партиялардың ресми санымен емес, олардың қан­шалықты дәрежеде саяси билікке ықпал ете алуымен өлшенетінін айт­сақ та жеткілікті. Мысалы, пар­тия­лық жүйенің қалып­та­суына елдің эко­номикалық даму деңгейі, әлеу­меттік-таптық күштердің ара­қаты­насы, қоғам­дық қаты­нас­тар­дың пісіп-жетілуі, халықтың этни­калық құрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. әсер етеді. Демек, көп партия бар жерде пікір алуандығы да мол болады деген сөз. Демо­кра­тиясы дамыған елдердің көз­қа­ра­сымен қарасаңыз, қазір Қазақстан сол пікір алуан­ды­ғынан ортақ ой шығаратын мем­ле­кет­ке айналу үшін бар күш-жігерін жұм­сауда.
Мысалы, V шақырылымдағы ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің сайлауына жеті бірдей саяси партияның қатысуы, соның нәтиже­сінде «Нұр Отан» халықтық-демократия­лық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Ком­му­нистік ха­лық партиясы (7,19 %) пайызбен жеңіске жетуі, мұның сыртында Қазақстан халқы Ассамблеясынан тоғыз депутатқа мандат берілуі – осының айғағы.
Құқықтық реформа
Әрине, мұнан кейін біздің алдымызда заңға бағынатын һәм азаматының бәрі тең құқылы ел болу мақсаты тұрды. Оған жету үшін мемлекеттік басқару жүйесінің басты құн­дылықтары белгіленуі тиіс еді. Қазақ-стан тәуелсіздіктен кейін сол басты құнды­лық­ты адам мен оның бостандығы деп та­нып, кешенді түрде құқықтық реформа жа­сауға кірісті. Мысалы, 1994 жылы қа­был­данған құқықтық реформа жөніндегі мем­лекеттік бағдарлама түзілсе, 2002 жыл­ғы Құқықтық саясат тұжырымдамасы қа­был­данды. Осындай бастамалар жалға­сын тауып, 2020 жылға дейінгі Құқықтық сая­сатты дамыту тұжырымдамасын әзір­ледік. Бұл орайда көптеген шетелдік және отандық сарапшылар құқықтық саясатты жү­зеге асыру бағытындағы Мемлекет басшысының еңбегін жиі айтады. Себебі, біріншіден, қазір соңғы жылдары жүр­гізіл­ген құқық қорғау органдарын реформалау жұ­мысы өз жемісін бере бастады. Екінші­ден, азаматтық құқық пен қылмыстық құ­қық бойынша базалық институттар дүние­ге келді. Үшіншіден, әкімшілік құқық са­ла­сы да бірізділікке түсті. Демек, еліміз­де­гі нарықтық қатынастар қалай жылдам дамыса, құқық­тық жүйеміз де солай даму үстінде.
Халық қалауы
Мемлекет парламентаризмнің іргета­сын қалады, нәтижесінде ой алуандығы әр­түр­лі болғанымен, мақсаты бір көппар­тия­лы қоғам пайда болды. Мемлекет құ­қық­тық реформаны жүйеледі, бұл билік ісін халықтың таңдауы шешетін демокра­тия­­лық жүйеге бет бұрғызды. Әрине, отар­лаушы санадағы ел жарыққа шыға с­алып, біржақты көзқараспен түрлі пікір­лер айтуы мүмкін. Бірақ елімізде өткен әкім­дер сайлауы белгілі бір дәрежеде билік жүргізу ісі халыққа қарай ойысқанын көрсетеді. Бұл сайлауда әкімдерге халық сайлаған мәслихат депутаттары дауыс бер­ді. Демек, болашақта бұл тізгінді бұ­қара ұстайтын болады деген сөз. Әкімді халық сайласа, оның жергілікті жұртшылық алдындағы жауапкершілігі арта түсері сөзсіз. Қазірдің өзінде мемлекетіміз бен хал­қымыз әкімдерге үлкен міндет артып, ауылдық деңгейдегі әкімдерге дербес табыс көздерін қалыптастыру құқығын берді. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, аудан әкімі жергілікті тұрғындар ары­зы негізінде сайланған әкімді жұмыс­тан шығара алады. Әрине, мұндай өзгеріс­тер қоғамға бірте-бірте еніп, халықтың қа­лауы орындала бастады.
Мемлекеттік қызметшінің міндеті
Демократия салтанат құрған ел мемлекеттік қызметшінің адалдығы мен іскерлігіне баса назар аударатыны белгілі. Елбасының жүйелі реформалары негізінде біз сол іріктеу сатысына дейін көтерілдік. Мысалы, білікті қызметкерді «А» корпусы­на өткізу арқылы мемлекеттік қызметтегі эли­таны қалыптастыру ісін қолға алдық. Бұл кешенді шаруа «ҚР кейбір заңнамалық акті­леріне мемлекеттік қызмет мәселелері бо­йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жобасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Демек, біздің ел қа­зір­дің өзінде АҚШ, Канада, Ұлыбрита­ния, Франция, Германия секілді әлемнің 30-дан астам дамыған елі қолданған тә­жірибені жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Түйін
Демократия қай кезде орнығады? Бұл сұраққа кез келген сарапшы «ха­лық билігі мемлекетке иелік еткенде ғана» деп жауап береді. Мұндай дә­режеге жету үшін, біріншіден, мем­ле­кеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігінен бөлінуі, екіншіден, сая­си алуан түрлілік бір мүддеге тоғы­сып, жергілікті өзін-өзі басқару саласы қар­қынды дамуы, үшіншіден, халық жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындалуы тиіс. Қуанарлығы сол, біз осы мақсатқа жету жолында барлық істі бір мезетте атқардық. Егер де осы айтқандарымыздың бірі кейін қалып, енді бірі ілгері кеткенде бүгінгі саяси даму болмас еді. Мұның бәрі мем­ле­кеттік басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіріп отырған Тұңғыш Прези­ден­тіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тің арқасы деп білеміз. Сіз не дей­сіз?

Маман пікірі
Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:
– Мемлекеттік басқару жүйесін қа­лып­тастыруда біз әкімшілік реформаны жү­йелі жүргізе білдік деп ойлаймын. Бұл үл­гіні жүзеге асыруда сингапурлық тә­жіри­бег­е сүйендік. Бір кездері Син­га­пур­да «ақ жа­ға­лылар реформасы» жас­а­лып, бала­ла­рын шетелдегі озық оқу орын­дарында оқыт­ты. Екіншіден, сол оқып келгендерді ірік­теп, мемле­кет­тік қызметке тартты. Біз­дің еліміз де осы үрдісті жаңғыртып, білікті жас ма­ман­дарға бар мүмкіндікті жасауға ты­рысуда. Меніңше, мемлекеттік кадрлық сая­сатты жүйелеу кезең-кезеңімен жү­зеге асып жатыр. Мысалы, қазір біздегі әкім­ші­лік реформа мемлекеттегі кадр­лық саясатқа серпін бере бастады. Енді кадр­лық сая­сатымыз бен әкімшілік ре­фор­мамыз то­лық нәтижесін бергеннен соң таға­йын­далмалы мемлекеттік қыз­меткерлердің бәрі сайланбалы жүйеге өтуі керек. Онан кейін елімізде кешенді түр­­де конститу­ция­лық реформа жүргізіледі деген сөз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста