Үш тілді қатар меңгерген ұрпақтың болашағы жарқын

Үш тілді қатар меңгерген ұрпақтың болашағы жарқын

Дөңгеленген дүние уақыттың көшімен бірге зымырап өзгеріп, күн өткен сайын тоқтаусыз дамып барады. Сондықтан әлем экономикасындағы сансыз өзгерістер мен технологияның жылдамдықпен дамуы ғылым мен білімнің тың салаларын үйреніп, уақыттың өзі қойған талаптарының үдесінен шығуға тырысу керек екенін ұқтырып отыр. Ғылым мен технологияның дамуынан ешкім де сырт қала алмайтыны белгілі. Ал осы өзгерістерден шеттеп қалған жағдайда даму баспалдақтарынан аттау мүмкін емес. Бұл үрдеріс әсіресе тілдің дамуына ерекше ықпал етуде. Өйткені тіл – кез келген саланың басты қажеттілігі екені айтпасада түсінікті. Осындай дамудың бағыт-бағдарын дұрыс бағамдай білген мемлекетіміз заман ағымын сараптап, саралай отырып әлемде кең қанат жайған тілдерді меңгеру қажеттігін түсінді және тіл дамыту саласында да нақты қадамдар жасай білді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек», – деп атап өткен болатын. Сондан бері осы бағытта қаншама жұмыстар атқарылды. Даму жолында әлем елдерімен тығыз байланысқа түсуге тура келеді. Байланыс орнатудың басты құралы ағылшын тілі. Ал оны үйрену уақыттың өзі тудырып отырған қажеттілік. Енді осы бағытты таңдап, дамуды мақсат тұтып, жарқын болашаққа бастар жолға түскендіктен бұл ұстанымымызды барынша тереңдете түсуіміз керек. Елімізде тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бұл бағытта атқарылар жұмыстар мен қол жеткізер нәтижелер белгіленіп қойылған. Нақты айтар болсақ, негізгі салмақтың көбі тіл орталықтарына артылып отыр. Көрсетілген меже бойынша шет тілдерін үйрететін орталықтар 2020 жылдың қарсаңында 100 пайыздық межені бағындыру керек. Сол кезде, яғни келесі жылы республикадағы үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 20 пайызға өсетіні жоспарланған. Бұндай межеге бүгінгі таңда қол жеткізіп отырмыз деуге толық негіз бар. Сондай-ақ тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үш тілді дамытудың білім ордаларындағы басты міндетін нақты айқындап берген. «Қазақстандықтардың лексикалық капиталының басты құрылымың бірі іскерлік пен халықаралық қарым-қатынастың құралы болатын шет тілдері болып отыр. Сондықтан бұл міндеттің басты бағыты шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды кеңістігін сақтау. Сондай-ақ, бұл бағыттың шеңберінде үштілді білім беру идеясын насихаттауға және талпындыруға бағытталған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде жасалатын жұмыстардың атқарылуы көзделген. Тағы бір маңызды бөлігі ретінде мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарындағы үштілді білім беру және тәрбиелеу қызметіне арналған әдістемелік материалдарды әзірлеп, топтастырып, жүйелеп оқулық шығару жағы да көзделген», – деп жасалынатын істің барлық жобасы айқындалып, нақты атқарылар шараларды орындау тетіктері де белгіленген. Осы бағдарлама аясында білім беру мекемелерінде ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға айрықша мән беріліп, нақты қадамдар жасалынғандықтан «Үштұғырлы тіл» тұжырымдамасын жұртшылық қызу қолдады. Қалың көпшілік оның астарында жастарымызды әлемдік деңгейде оқытып, тәрбиелеуді көздеген ұлы мақсат жатқанына көз жеткізді.

Республика көлемінде бұл бағытта түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып осы уақытқа дейін көптеген жұмыстар тыңғылықты атқарылды. Нәтижесі де жоғары. Еліміздің түкпір-түкпірінде атқаралып жатқан шаралардың бірі ретінде Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы ұймдастырып жатқан «Тілдарын» облыстық олимпиадасын да тілге тиек етуге болады. Өйткені бұндай байқаулар арқылы тілдерді дамыту бағдарламасында айтылған көптеген мәселелерді қамтып өтуге болады. Атап айтсақ бағдарламада конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы тілдерді дамыту тетіктерін іске асыру жағы да көзделген. «Тілдарын» облыстық олимпиадасының қағидалары үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған. Байқау үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдауды, сондай-ақ, қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыруды мақсат тұтып отыр. Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Оған 18-22 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Олимпиадаға қатысу үшін қажетті құжаттар 2019 жылдың 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Қатысушылар тапсырылған тақырыптың мазмұнын толық ашу, тақырып бойынша эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау сияқты сындардан өтеді. Олимпиадаға қатысушылар үш кезеңнен, яғни, бірінші кезең – қазақ тілін білуі; екінші кезең – ағылшын тілін білуі; үшінші кезең – орыс тілін білуі сияқты сынақтардан өтулері керек. Сонымен қатар алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар келесі кезеңге қатыса алады. Ал олимпиаданың қорытындысы үш кезеңнен өткен қатысушылар арасында жүргізілмек. Сондықтан, қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау мақсатында қазылар алқасы құрылады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталамақ. Дауыс беру нәтижелері тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының даусына басымдық беріледі. Қазылар алқасы шешім шығару барысында сынға түскендердің тілдерді меңгеру деңгейін, жазу сауаттылығы мен дыбыстардың дұрыс айтылуын, жауаптың оралымдылығы мен толықтығын, жауаптың ерекшелігі мен мазмұндылығын, өзін-өзі ұстауы және уақытын дұрыс пайдалануын саралай отырып бағалайды. Қорытынды шешім бойынша олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ұйымдастырушымен бекітілген жүлде қорының көлеміндегі сыйлықтармен марапатталмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жақында өткен «Тамыз конференциясында» үш тілді оқыту барысына ерекше тоқталып өтті. «Үш тілді жүйеге көшу, оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығына қарай жүзеге асады. Бұл ретте ғылыми-жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндіктеріне қарай оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асырылуы тиіс. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреу болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді», деп өте өнегелі ой айтты. Сондықтан ағылшын тілін оқытуды 2-3 сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай бесінші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Міне көріп отырғанымыздай тіл туралы мемлекеттік бағдарламаның басты ұстанымы ең алдымен қазақ тілі екені анық. Біздің мемлекеттік тіліміз ретінде әрдайым қазақ тілінің тұғыры биіктеп, білім беру мен қарым-қатынас жасаудың басты құралы ретінде өз орнын ешқашан жоғалтпайтыны белгілі. Сондықтан мемлекеттік тіл еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін басты құндылық екені даусыз. Қазақ тілі өзге дамыған елдердің тілімен бірге дамып, әлемге кең тараған тілдермен терезесі тең болып өркендей беретініне сенеміз. Қандай тіл болмасын басқа тілмен қарым-қатынасқа түсе отырып дамитыны дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Даму үстінде тілдің сөздік қоры да көбейіп, үстемелене береді. Әлемнің көптеген елдері қолданатын тілді білу өркениетке бастайтын даңғыл жол екенін мойындауымыз керек. Елімізде көп тіл білетін азаматтардың үлес салмағы көбейген сайын, өз тіліміз тасада қалып қояды деген қате түсініктен арылатын уақыт жетті. Керісінше көп тіл білетін адамның өз тілін білуге деген ынтасы арта түседі. Өйткені басқа елдердің мәдениетін біліп, олардың өз тілдеріне деген құрметін сезініп, білім көкжиегі кеңейген адам өз ана тілінің қадір-қасиетін жан дүниесімен түсінеді екен. Ол табиғи үрдіс, туа бітті перзенттік парыз, адами қасиет. Ең бастысы өз ана тілі үшін алаңдайтын адам, өз ұрпағының бойында ұлтына, еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып тәрбиелесе болды. Ал, көп тіл білгеннен ана тіліміз зардап шегіп, қолданыс аясы тарылып, жойылып кетеді деп құр байбалам сала берудің қажеті шамалы. Бұндай қауіп-қатер ойлаған адам, болмайтын дауды қаузағаннан гөрі, өз отбасынадағы тіл мәселесін шешіп алса, яғни балаларымен үйде өз ана тілінде сөйлессе міне, нағыз тіл үшін күресу, болашағына алаңдау деп соны айтады. Бабаларымыздан қалған «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзімізді көкейңмізден шығармайық. Сонда барып ұрпағымыз ұяда көргенін істеп, өз отбасында қазақ тілінің үстем болғанын қалайды. Осындай қадамдар арқылы ана тіліміздің мерейі үстем болары белгілі.

Зерттеуші ғалымдар бүгінгі қалыптасқан жағдайды жалпы саралай отырып, осындай тұжырымға тоқталыпты. Ауылы аралас, қойы қоралас жатқан іргелес елдің тілін меңгеру арқылы біз көп жағдайда ұтқанымызды да мойындауымыз керек. Біздің елімізде орыс тілінің кеңестік дәуірден қалыптасып қалған ұлтаралық қатынас құралы болып отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Осы тіл арқылы ғылым мен білімді дамыта бастадық деуге болады. Дала данышпаны, хакім Абайдың өзі өткен ғасырда-ақ бұл туралы соқырға таяқ ұстатқандай қылып айтыпты. Дана Абай өзінің жиырма бесінші қара сөзінде «... Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады» – деп тереңінен толғапты.

Егемен ел болып, етек жеңімізді жинағаннан кейін бізге, өз тілімізбен қатар көрші елдердің тілін біліп қана бір аумақта шектеліп қалуға болмайтынын терең ұғындық. Сол себепті ағылшын тілін меңгеруге ұмтылдық. Бұл құлшынысымыз, әлемнің өзгеруінен туған қажеттілік еді. Нақты айтар болсақ, ағылшын тілі инновацияның тілі және дамыған, жаңа заманауи ғылымды игерудің тілі екені айдан анық. Дерек көздердің мәліметіне қарағанда алпыстан астам елдің азаматтары осы тілде сөйлейді екен. Ағылшын тілі қазіргі уақыттағы әлемдік және әмбебап қарым-қатынас құралы екенін есімізден бір сәт те шығармауымыз қажет. Сондықтан осы тілді меңгеру өзімізді дамытып, көкжиегімізді кеңейтіп алға басуымыз үшін ауадай қажет екені сөзсіз.

Осындай ойларды түйіндей келе, ең алдымен қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде әлемдік тілмен бірге дамыту басты міндетіміз екеніне баса назар аударамыз. Өз тілімізді жоғары деңгейде ұстап, керек жерінде орыс тілін де пайдалана алатындай мүмкіндігімізден айырылмай, ағылшын тілін де меңгеру, бүгінгі таңдағы сара бағыт, дұрыс ұстаным екені даусыз. Сондай-ақ, үштұғырлы тіл ұстанымы арқылы жасаған осындай әрекетіміз дамуға бастар басты қадамымыз, адаспай тапқан жолымыз деуге болады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста