Солтүстік өңірде тiлдердi дамыту мен қолдану бағдарламасы қарқынды түрде іске асуда
Бүгінгі таңда елімізде латын графикасыны көшуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өйткені әліпби ауыстырудың машақаты көп. Соны ескерген жауапты мекемелер, тіл орталықтары жан-жақты жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес өңірлердің барлығында атқарылып жатқан істерді айтып тауысу мүмкін емес. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында былтырдың өзінде мемлекеттiк бағдарламаны жолға қоюға облыстық бюджеттен алпыс төрт миллион теңгеден астан қаражат бөлінген. Бұндай көрсеткіштер барлық облыстарда да осы деңгеймен шамалас.
Солтүстік Қазақстан облысындағы жауапты мекемелердің ресми мәліметтеріне қарағанда әлiпби ауыстыруға дайындыққа байланысты өңірде жүйелi ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуде. Бүгiнгi күнге дейiн өңірде бес жүзен астам іс-шара өткiзiліпті. Соынмен қатар, биылғы жылдың басынан бастап үштiлдiлiктi дамыту және қазақ тiлiнiң латын графикасына көшiру бағытында 250 материал және 75 сюжет жарық көрген. Тағы бір айта кетерлігі осы жылы облыс тұрғындарына арналып 115 қазақ және 25 ағылшын тiлiн үйрету курстары ұйымдастырылып, арнайы сабақтар жүргізілген екен. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып, өткен жылдармен салыстырғанда дами түскені бірден байқалады. Сондай-ақ, облысқа Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ұлттық тестiлеу орталығының мамандары келіп «Қазтест» жүйесi бойынша тестiлеу өткiзген. Онда мемлекеттік тілді бiлу деңгейi лексика-грамматикалық құрылым, оқылым мен жазылым және тыңдалым жүйесі бойынша бағаланады. Сынаққа өңірдегі мемлекеттiк және азаматтық қызметкерлер мен тiлдердi оқыту орталығының тыңдаушылары қатысты. Осы шарада екі жүзе жуық қатысушының 116-сына мемлекеттiк тiлдi белгiлi деңгейде меңгергендiгiн растайтын сертификат табысталды. Осы ретте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру аясында «Қазтест» сынағына соңғы жеті жылда он бес мыңнан астам азамат қатысқанын айта кетейік.
Тіл дамытудың негізгі ошағы мектеп болғандықтан өңірдегі сұранысты бағамдап көруге 2018-2019 оқу жылындағы көрсеткішке көз жүгірту өте маңызды. Облыста жалпы бiлiм беретiн 487 мектеп жұмыс iстейдi екен. Атап айтсақ 118 қазақ мектебі, 260 орыс мектебі, 109 аралас тiл білім беру мекемесі бар екен. Осы көрсеткіштерге қарап отырып солтүстік өңірді қазақыландыру жұмысы әлі де жалғаса түсуі керегін көңілге түюге болады. Дегенмен нақты жұмыстардың нәтижесiнде мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындардың саны жыл сайын артып келе жатқаны анық байқалады. Сондай-ақ, облыста ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындарының да үлес салмағы арта түскен. Жауапты мекемелер берген мәліметтерге қарағанда 17,9 пайызға дейiн жетіп отыр. Ал үш тiлдi, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгергендер облыста 12,6 пайызға жеткен.
Облыста тiл заңнамасына байланысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк тiл iс жүргiзу тiлi ретiнде қолданылуы артып келеді. Ал мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау үшін жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі iс-шаралар жиі ұйымдастырылады.
Өңірде тіл саясатына қатысты ономастика мәселесіне де көп көңіл бөлінген. Жұмыс жоспарын талқылау үшін арнайы комиссия отырыстары тұрақты өткізкіледі. Соның арқасында бірқатар елді-мекен мен көше атаулары өзгерді. Бұл жұмыстар туралы дер кезінде баспасөз құралдарында ақпарат беріліп отырды. Сондықтан қаншама атау өзгерген санамалап отырудың жөні болмас.
Барлық облыстардағыдай Жаңа емлеленің заңдылықтарын түсіндіру жұмыстары Солтүстікте де қолға алынып әртүрлі курстар, семинралар, дәрістер ұйымдастырылулда. Оған қатысушыларға жаңа латын әліпбиімен жазудың жүйесiн, емле ережелерiн, заңдылықтарын үйрету жұмыстары тыңғылықты атқарылып келеді.
Латын графикасына негізделген қазақ жазуын үйрету барсында жүйелі әдіс тәсілдер қолданылады. Атап айтсақ жаңа жазуды үйретуде мынандай әдістерді атап айтуға болады. Олар:
Біріншіден – жас ерекшелігіне, білім беру мекемелерінің, түрлі әлеуметтік салалардың ерекшеліктеріне бейімделетін жаңа жазуды үйрету бағдарламаларының нұсқаларын әзірлеп, қолдануға мүмкіндік беруі;
Екіншіден – үйренушілердің жаңа жазуды үйрету бағдарламасын сағат саны мен қарқындылығына қарай таңдауына мүмкіндік берілуі және таңдалған бағдарламасына сәйкес жаңа жазуды меңгеруге арналған жеке білімдік траекториясы қалыптасуы;
Үшіншіден – үйреніп көруге және қателер жіберуге де құқылы, соның негізінде жаңа әліпби мен жаңа орфографиялық ережелерді меңгерудің басқа бағдарламалары мен оқытушыларын, мекемелерді таңдауға құқылы;
Төртіншіден – меңгеру нәтижесін бағалауда компьютерлік тестілеу қолданылғандықтан, өзінің жетістігін өзі бағалап, біліп отыруына мүмкіндік жасалуы;
Бесіншіден – егер өзі қаласа, мұғалім/оқытушыдан диктанттың жазуды меңгеру деңгейіне лайықты диктант түрін (сөздік диктант, терме диктант, есту диктанты, көру диктанты т.б.) өткізуін өтіне алуы;
Алтыншыдан – жазуды үйренуші тұлғаның өзінің мамандығына, білім деңгейіне лайықты педагог пен үйрету курстарын таңдауына жағдай жасалуы керек.
Міне осындай әдістер атқарылар жұмыс барсында нәтижелі іс жасау үшін көп көмектеседі.
Бұның бәрі Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша іске асуда. Онда «...Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған» – деп нақты айтылған. Осындай бағыт-бағдар беруші жүйелі жоба бар кез келген жұмыстың оң нәтиже берері анық.
Осындай нақты іс-шараларды көңілге түйе отырып, Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс барысына көңіліміз толды. Сондықтан солтүстік өңіріміздегі тіл мәселесіне алаңдауға еш негіз жоқ.
Нұрлы Еділов