Қажеттілік туғызу– мемлекеттік тіл мәселесін шешудің тиімді жолы

Қажеттілік туғызу– мемлекеттік тіл мәселесін шешудің тиімді жолы

Мемлекеттік тіл - мәртебесі Ата заңымызда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде, бизнесте, іс-қағаздар жүргізуде қолданылатын тіл. Мемлекеттік тіл - мемлекет негізін құраушы, әрі жердің бұрыннан бері иесі болып табылатын елдің тілі болып табылады. Жүйелі стратегиялық түрде жоспарланып отырған Қазақстанның көптілді білім беру жүйесі «2011-2020 жылдарға арналған Тілдердің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту мен жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларында толығымен қолданудағы өзекті мәселелерді шешуді реттейтін басты нормативтік құжат екені белгілі. Жолдауда тіл саясатын елді біріктіруші басты фактор ретінде қарастырып, басымдық берген. «Біздің міндетіміз – тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», – деп көрсетеді. Жолдауда Елбасы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттырудың кезек күттірмейтін қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытында жүргізілетін кешенді, әрі нәтижелі іс-шаралардың сапасы мен санын көбейтуді баса айтады. «Қазіргі таңда тілдік құзіреттілік пен көп мәдениетті білім беру кеңінен таралғандықтан, еңбек нарығында және білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман дайындау өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп ұлтты мемлекетімізде кәсіби қызметті табысты атқару үшін, мемлекеттік және орыс тілдерін жетік меңгеру қажетті шарт болып отыр. Екінші жағынан, біздің ортамыздың, әсіресе білім мен ғылымның ықпалдастығы, мамандардың заманауи талаптарға сәйкестігі әлемдік білім беру кеңістігіне ену барысында шет тілдерінің ең болмағанда, біреуін жетік білу талабын қояды» деген ғалым пікірін ескерсек, шынымен де қазіргі таңда көптілділік біздің қоғамның басты дамытушы құралдарының бірі болып отыр. Жоғарыда аталған тіл оның ішінде мемлекеттік тілдің қажеттілігінің қазіргі жастар арасында қолданылуы мен қолдау табуының жайы мен күйін қарастыру үшін 2017 жылдың қазан, қараша айларында үш тілде білім беретін Алматы Менеджмент Университетіндегі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің студенттердің өміріндегі орны мен арасындағы қолданыс аясын зерттеп қарастырайық деген мақсатпен сауалнама жүргізген едік. Сауалнамаға І,ІІ,ІІ курстың қазақ, орыс, ағылшын тобының студенттері атсалысты. Сауалнама туралы жалпы ақпаратқа тоқталатын болсақ, жалпы сауалнамаға қатысқан студенттер саны: 456; курс: 1, 2, 3; оқу тілі: қазақша – 151, орысша – 239,

ағылшынша – 66; ұлты: қазақ - 314, орыс - 91, басқа – 51; Сауалнама мақсаты - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдаған «2011- 2020 жылдарға арналған Тілдердің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасына» сүйене отырып университетіміздегі студенттердің қазақ тіліне көзқарасын, қарым-қатынасын анықтау және мемлекеттік тілді қолдану дәрежесіне зерттеу жүргізу. Міндеті: 1) студенттер арасында анонимдік сауалнама жүргізу арқылы жастардың мемлекеттік тілге қатысты ой, пікір, ұсыныстарын білу; 2) студенттердің мемлекеттік тілді қолдану мүмкіндіктері мен меңгеру дәрежесін анықтап, зерттеу; 3) мемлекеттік тілді меңгерудің жаңа жолдары туралы студенттердің нақты ұсыныстарына талдау жасау. Сауалнама сұрақтары мен жауаптары мынадай болды: 1 2 3 3 4567 4 8 9. Ең бастысы, біздің студенттеріміз мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында сауалнама жауаптарынан көріп отырғанымыздай барынша мүдделік танытып отыр. Сондықтан да осы сауалнама негізінде мынадай мәселелрдің шешілуін жүзеге асыруға болады: 1.Студенттерді университет бітіріп, диплом алдында қазақ тілінен Қазтестің нәтижесін талап ету. 2.Ғаламтордағы қазақ тіліндегі контенттің сапасын жақсартуға студенттер мен оқытушылардың атсалысуын қамтамасыз ету. 3.Университетіміздегі қазақ тілін білмейтін барлық азаматтардың қазақ тілін үйренуін және іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуін міндеттеу. 4.Ауылда тілдік лагерь ұйымдастыру. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесіне айналуда. Бұл ретте қазақ тілін алдымен өскелең ұрпақ жастардың бойына сіңіруден бастау қажеттігін баса айту қажет. Себебі, мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі. Өзің өмір сүріп отырған мемлекеттің тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің бастауы, тірегі. Бұл мәселені Алматы Менеджмент университетінің студенттері біледі, айтады, сауалнамада көрсетті. Бірақ қажеттілік пен талапты күшейту болған жағдайда ғана мемекеттік тілді дамыту мәселесі өз шешімін табады.

Байелі Ә.Ж., ф.ғ.к.
Тілдерді дамыту орталығының доценті

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста