Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту баршамыздың міндетіміз

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту баршамыздың міндетіміз

Тіл ұлттың тағдыры, болмыс бітімі. Күн өткен сайын көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан мына заманның көшіне ілесу үшін, ұлттық болмысымызды сол көштің шанына көміліп қалмай сақтау үшін бабадан қалған ана тілдің қадірін арттырып, мерейін үстем қылар шаралар елімізде көптеп атқарылып жатқаны көңіл қуантады. Қаншама жыл әр азаматтың көкейінде жүрген латын қаріпіне көшу мәселесі іске аса бастады. Елбасымыз латын қаріпіне көшуге шешім қабылдап, пәрмен беріп қолданысқа енгізуге дайындық, насихаттау, талқылау жұмыстары жүргізілуде. Бұл қасиетті Тәуелсіздігіміздің ең үлкен жемісі. 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының арқасында атқарылып жатқан жұмыстар да ұшан-теңіз. Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделеніпті. Сондықтан бұл бағдарламаны әбден иі қанған, жан-жақты талқыланып қабылданған озық қадам деуге болады. Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиіс екені айтылған болатын аталған бағдарламада.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен. Осы бағытта еліміздің өңірлерінің барлығында әр түрлі іс-шаралар, талқылаулар, семинарлар көптеп өткізіліп, нақты іс әрекеттер жасалуда. Кеше ғана Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту мақсатында «Қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпарат сағаты болды. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Бұл шара негізінен қазақ тілін меңгерушілерге арналған орта құру, әлеуметтендіру және мәдениетаралық қатынас дағдылар деңгейін арттыру, қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін насихаттауды мақсат тұтты.
Сабаққа жиналғандар көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы, кітаптарды әзірлеуші, қазақ тілінің тәжірибелі маманы Ш.Д. Кинжикованың латын графикасына көшу бағытында жүргізетін жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін латын графикасына өтуге байланысты үш кезеңнен тұратын ұлттық жоспардың бағы бағдары нақты түсіндіріліп, тілге байланысты аймақтағы көптеген мәселе талқыланды.
Ал бұндай игі шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр деуге болады. Міне осындай нақты істердің арқасында латын қаріпіне көшу, тілдің дамуы сияқты мәселелердің түйткілі өз-өзінен шешіліп алға қойған межелі мақсатқа жету жеңілдей түсері сөзсіз.

 

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста