Аударма тілін тұтынушылардың дүниетанымына бейімдеу маңызды

Аударма тілін тұтынушылардың дүниетанымына бейімдеу маңызды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Салалық терминдерді аудару тәжірибесі» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.
Онлайн-семинарда Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сабира Сапина «Ұлттық терминжасам және аударма мәселесі» тақырыбында, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Абдулманов «Банк саласы терминдерінің тұрақтану (узуалдану) мәселесі» тақырыбында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабира Исакова «Халықаралық терминдерді қабылдау және аудару мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

С.Сапинаның баяндамасында аударманың практикалық мәселелері талданып, тілімізде қате аударылып, қолданысқа еніп кеткен тұтастай сөз тіркестері мен сөйлемдердің дұрыс нұсқалары ұсынылды. Ғылыми, ресми және публицистикалық стильдегі мәтіндерді аударуда кей мамандардың қазақ тілінің лексика-грамматикалық мүмкіндіктерін ескермей, мәтінді аудару барысында орыс тілінің қалыбына салатыны сыналды. Мәтінді аударма тілді тұтынушылардың дүниетанымына бейімдеудің аудармашыға қойылатын басты талап екенін ескермей, лексикалық кальканы пайдаланатыны, соның салдарынан кей сөздердің мағынасына сай қолданылмауы сөз болды. 

А.Абдулмано банк саласы терминдерінің тұрақтану (узуалдану) мәселесіне байланысты. Ұлттық терминологиялық қорды біріздендіру және сәтті баламаларды тұрақтандыру туралы айтқан пікірлері мен келтірген уәждерін әдістемелік семинарға қатысушылар жылы қабылдады.
Ал терминолог ғалым С.Исакова халықаралық терминдерді қабылдау барысында сәтті баламаларды қолдану немесе қолданбау мәселесін дұрыс аударылмаған терминдердiң салдарынан туындаған қоғамдық көзқарас деп бағалады. Баяндамашы осы екі бағытты қолдаушылардың пiкiрiн аударма теориясымен байланыста, бірнеше тілдердің мысалында қарастырды. «Ең алдымен барлық тiлдердегi ғылыми атаулар мен түсiнiстiктердің бірдей болуын мiндеттейтін тiл заңдылығы еш жерде жоқ екендігін айта келіп, қалыптасқан мұражай сөзін «музей» терминімен қайта ауыстырудың қажетсіздігіне тоқталды. «Музей» термині қытай тілінде «воугуан», араб тілінде «алмутахафу», ағылшын тілінде «музеэм», француз тілінде «мүйзей», поляк тілінде «музеум», жапон тілінде «хакыбутскан» деп дыбысталатыны уәж ретінде келтірілді.
Онлайн семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұлттық терминология саласындағы қордаланған бірқатар мәселелер талқыланды. Мұндай әдістемелік семинарларды жиі өткізіп, жекелеген сала мамандары мен ғалымдар арасындағы байланысты нығайта түсуге ұсыныс білдірілді.
Онлайн-семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста