ТОЛҒАННЫҢ ТӨГІЛЕТІН, СОЗҒАННЫҢ ҮЗІЛЕТІН КЕЗІ БОЛАДЫ...

 ЗЕЙНЕП АХМЕТОВА АПАЙДЫҢ ДАНЫШПАНДЫҒЫ

 

Өз басым өмірде Бауыржан Момышұлы сияқты хас батырдың тұяғы Бақытжан Момышұлы аға мен қазақтың келіні атанған Зейнеп Ахметова апаймен сыйлас болған тағдырыма ризамын. Сол кісілердің жазғанын оқып, ғибратты әңгімелерін тыңдау арқылы өмірде өзім үшін үлкен сабақ алдым. Осы орайда, қаншалықты зиялы ортада жүрсем де, Зейнеп Ахметова сияқты сөзге шешен, білімі терең және ұлтымыздың салт-дәстүрін терең білетін әйел затын  кездестірген емеспін.

 

Бірде Зейнеп апайды үйге қонаққа шақырдым.  Өте әдемі отырыс болды. Бәріміз Зейнеп апайымыздың әсерлі әңгімесін тыңдап, рухани тыныстап қалдық. Дастархан соңынан Зейнеп апайды үйіне шығарып салдым. Жол бойы елде ушығып тұрған саяси ахуал туралы  әңгіме қозғалып кетті. Сол кезде Зейнеп апай:

 -Бекен айналайын, толғанның төгілетін, созғанның үзілетін кезі болады емес пе,- деді.

 

Ойлап қарасам, тамыры тереңді бойлаған неткен данышпандық тұжырым десеңші. Міне, қазіргі уақытта сол айтқаны айнымай келді. Қайғылы «Қаңтар оқиғасы» орын алып, нәтижесінде «Толған – төгілді,  созған – үзілді». Халықтың  шыдамы ернеуінен асқан теңіз сияқты лақ ете түсіп, кернеуі қақ айырыла жаздады. Қазіргі уақытта Алматы көшелерінде әлі де іздері сайрап жатқан кешегі аласапыранның белгілерін көрген сайын Зейнеп апайдың осы сөзі есіме түседі де тұрады.

 

 

 

 

Бекен Нурахметов

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста