Қазақ тілі үшін күресті Қазақстан жазушылар одағы бастау керек!

Қазақ тілі үшін күресті Қазақстан жазушылар одағы бастау керек!

Қазақ тілі мен əдебиетін қорғау үшін күрескен Ахмет Байтұрсыновтан бастап, Тəуелсіздік жылдарының басындағы Шерхан Мұртаза мен кейінгі Мұхтар Шахановқа дейінгі аралықтағы ақын мен жазушыларды тізер болсам, жазғаным талай бетке кетер еді. Оларды билік кейде тыңдады, кейде оларды "ұлытшылдар" деп жазалап, "ауыздарын" жапты. Парламентте депутат болып отырып, қазақ тілінің мəселесін көтерген Мұхтар Шаханов биліке "алақарға" болды. Парламенттен тайдырды. Шахановты сол кезде 700 жазушысы бар Жазушылар одағының басшылығы қолдамады. Қолдаса депутаттыққа жолдары жабылатынын көрді. Қайта Шақановты қудалауды өздері бастап кетті. Нəтижесінде Жазушылар төрағасы Парламент депутаты болып шыға келді.
Жазушылар одағының негізгі мақсаты биліктің саясатын насихаттау емес, жазушылардың шығармаларын насихаттау мен тарату жəне сол шығармаларды оқыйтын оқырмандардың қатарын көбейту жұмысы болу керек. Қазақ тілінде жазған шығармаларыңды өз қазағың оқымаса, жазушыларға одан артық трагедия бола ма?
"Əкесі өлгенді де естіртеді" - дегендей, соңғы 30 жылда қазақ тіліндегі əдеби кітаптардың оқырмандары жыл сайын азайып барады. Əлемдегі болашақта өлі тілдер қатарына кіретін тілдердің тізіміне Қазақ тілінің кіргенін бір ақпараттан оқыдық. Бұдан артық қазаққа қандай қасірет керек!
Соңғы кезде кейбір қазақ жазушылары кітаптарінің шет тілге аударылғанын мақтан етеді. Дұрыс мақтансын. Бірақ, сенің кітабіңді өз қазағың оқымаса, шеттегілердің оқығанынан не пайда, не қайыр?
Міне, Қазақстан жазушылар одағының, оның 770 мұшелерінің "бас ауруы" қазақ тілін қорғау мен жандандыру болу керек!
Ол үшін Атазаңдағы Мемлекеттік тіл - қазақ тілінің беделін көтеру, қазақ тіліне Қазақстанда ұлтаралық тіл дəрежесін беру, Атазаңнан орыс тілін жою мəселесін Қазақстан жазушылар одағы Президент деңгейінде талап қоюы керек!
"Жалғыздың үні шықпас" - деген, Қазыбек Исадай бір- екі жазушының шырылдағанын саңырау билік естімейді де. Одақ жалпы Алашқа жар салуы керек!
Қазақ халқы тілінен айрылса - қазақ тілді жазушылар мен ақындар кімге керек?
Бір сөзбен айтқанда, ҚАЗАҚ ТІЛІ ҮШІН КҮРЕСТІ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТОПТАСҚАН ШАҢЫРАҒЫ - ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСАТАУ КЕРЕК!

 


Аймұханбет Бейсембеков
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, профессор.
23.08.2020 Семей.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста