Көреген, болашағын ойлайтын қыз қалмады. Жақсы жігіт жеткілікті-ақ!

Көреген, болашағын ойлайтын қыз қалмады. Жақсы жігіт жеткілікті-ақ!

Біздің қыздар компромиске бара бермейді, содан жатып алып, жігіттерге ренжиді.
Өткенде бір құрбыммен кездескен едім. Шай үстінде айтылар әңгіме таусылсын ба, ананы-мынаны бір қозғап, ақыр аяғында жеке өмір жайлы сыр шерттік.
Негізі қүрбытайым #жақсықыз, бірақ мінезі бар. Иә, мінезсіз адам болмайды. Дей тұра, кейде қыздарға мінезін, принциптерін, білгішсіне қалатын әдеттерін тереңге тығып тастау керек пе деп ойлаймын.
Сонымен, тұрмыс құрмаған, жасы отыздан асқан бұл құрбымды бір жақындары тәп-тәуір азаматпен таныстрымақшы екен. Түсінгенім бойынша, жаңағы жігіт менің нағашыларымның елінде, яғни Қызылорда қаласында жақсы қызметте. Танысуға ол да құлқылы көрінеді.
Енді біздің қыздың әңгімесін тыңдасаңыз, мамааа, бейне бір жүз жігіт сонымен кездесуге кезек күтіп тұрғандай кердеңдейді.
"Мен Қызылордада тұрғым келмейді. Ыстығы адам шыдатпайды, оның үстіне қашанда шаң. Не істеймін ол жақта?" -дейді құрбым.
Сөздің шыны керек, айтайын десем, ренжітіп алам ба деп, эмоциямды тізгіндеп, Сыр еліне деген бар ренішін айтып болғанша тыңдадым. Қазекем, "Кедейдің кербезінен сақта" деп дұрыс айтыпты-ау! Жігітке зар болып отырса да, танауының көк тіреуін.
"Астанаға көшіп келемін десін, сол кезде мен оған шанс бере аламын" дейді. Кім кімге шанс беріп отыр екен?!
Менің ойымша, үйді асыраушы да, үйге табыс әкелуші де - ер азамат. Бүкіл жағдайды сол ер азаматтың ыңғайына жасау керек.
Егер ол Қызылорда тұрмақ, Африкада табыс тауып жүрсе, сен әйел болып жаратылдың ба, болды, бір жеріңді қыс та, еріңнің соңынан еріп отыр. Соның маңсабын, соның жағдайын ойла!
Ері генерал болатын әйел алғашында онымен бүкіл гарнизондарды бастан өткереді. Ал тек өз басының қамын ойлайтын әйел, ерін ез қылып, өзінің соңынан салпақтатып қояды.
Қош, мейлі, олар тіпті әлі танысқан да жоқ қой. Мен неге сонша күйдім? Өйткені қыздар, мейлі жүз жерден жақсы болсын, өз сыңарын тауып, бақытты ғұмыр кешудің орнына ешкімге керек емес бір принциптері мен мінездерінің салдарынан өздерін өздері жалғыздыққа итермелеп жатады. Ал содан кейін айтатын сөздері біреу: Жақсы жігіт жоқ! Жақсы жігіт қалмады!
Пішту! Ақылды қыз жоқ! Көреген, болашағын ойлайтын қыз қалмады. Жақсы жігіт жеткілікті-ақ!.

Клара Ермағамбетова
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста