Еден мен туалет жууға пара беріп кіреміз

Астананың кейбір орыс сыныбының ішінен орыстарды итпен іздейсің. 90-95% қазақтар.
Түрікке тиіп жатқан да қазақтар. Оңтүстік Кореяға барып жұмыс істейтін де қазақ.
Неге біз сонша әлсізбіз?
Орыспен керек болса шекараң да жоқ. Адам түгілі мал кіріп шыға береді.
Солтүстікте бір де бір әскери базаң жоқ. Ресеймен импорт экспортты 2 орайды. Кедендік кірістің 85% Ресейге кетеді.
Оңтүстікке топырлап тұрамыз. Шаг аттасаң ауыл. Жер жоқ. Еден мен туалет жууға пара беріп кіреміз. Жұмыс жоқ. Сонда да оңтүстіктен солтүстікке көшпейміз.
Солтүстікте бүкіл жеріңнің қызығын өзге ұлттар көреді. Болашақ ештеңеге алаңдамаймыз. Солтүстікке көшпейміз. Пост жазу мен коммент жазудан ары аспай жатырмыз.
Мықты болсаңдар солтүстікке көшсеңдерші. Ертең Украина секілді боламыз демесеңдер.
Путин балаңды орысша оқыт демеді. Өздерің ырбаңдап орысша оқытасыңдар.
Сабит Рысбаев
Фейсбуктегі парақшасынан





