Бізге де қазақ қыздарының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуына тыйым салатын бір сұлтан Кабус керек-ақ!

Бізге де қазақ қыздарының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуына тыйым салатын бір сұлтан Кабус керек-ақ!

Мәскеуге алғаш келгенде қазақ құрбымның жатақханасында уақытша тұрдым. Құрбым, омандық араб қыз, мен, қысқасы, үшеуміз үш айдай бірге өмір сүрдік. РУДН-ге магистратураға оқуға түскенім туралы бұйрық шықты да, мен өз университетімнің жатақханасына ауыстым.
...Омандық қыз дү құстарға арнайы күріш, қарақұмық, басқа дәндер сатып әкелетін. Кейін құстарға арнайы дән сатып әкелу біздің де әдетімізге айналды. Қолдан дән жеп үйренген құстар біздің тереземіздің қасынан кетпейтін. Намазын оқып болған араб қыз: «Бұлар да намаз оқиды. Мен намаз оқып жатқанда олар ән салды ғой. Сол сәтте намаз оқыды» деп күлімсіреп, құстарға дән беретін. Жатақханада сириялық араб жігіт тұратын. Адам ретінде өте жақсы жігіт. Менің нетбугымды тегін жасап берді. Екінші рет ноутбугыма программа орнатқанда ұрсып жүріп, «ақшаны алмасаңыз, ешқашан сізбен сөйлеспеймін» деп жүріп, ақшаны алдырттым. Құрбыма да бір-екі рет тегін жасап берді, құрбым да ұрсып жүріп, ақшаны алдыртты. Ол жігіт бөлмемізге менің не құрбымның, болмаса, араб қыздың компьютері бұзылғанда ғана келетін, бірақ ешқашан дін туралы айтып, уағыз оқымайтын. Тек Сирияда болып жатқан саяси-діни жағдайларға өзінің наразылығын білдіріп, қынжылатын. Байқағаным, араб қыз да, араб жігіт те бір-бірін адамгершілік тұрғыдан қатты сыйлайды. Түйсігіммен араб қыз ашып айтпаса да, сезімдерін сезіп қойдым. «Ол – білімді, жақсы жігіт. Әсіредіншіл емес. Сол жігітке тұрмысқа шыққың келмей ме?» деп сұрадым бір күні. «Оның өте жақсы адам екенін білем. Бірақ маған сұлтан Кабус рұқсат етпейді» деді араб қыз. Бұл кезде біз құрбым екеуміз сұлтан Кабустың кім екенін жақсы біліп алғанбыз. Оманның билеушісі ғой. «Сен басқа ұлтқа емес, арабқа тұрмысқа шығасың ғой» десем, «Сұлтан Кабустың жарлығы бойынша тек қана омандық арабқа тұрмысқа шығуға тиіспін» дейді. Тіпті басқа ұлтқа түгілі, ұлты бір, бірақ мемлекеті басқа (ұстанып отырған «діни саясаты» басқа) арабқа тұрмысқа шығуға тыйым салған.
Бізге де қазақ қыздарының басқа ұлтқа тұрмысқа шығуына тыйым салатын, қазақ пен қазақтың орысша сөйлеуіне тыйым салатын, он қазақтың ортасында бір орыс болса, сол үшін он қазақтың тілін бұрап, орысша сөйлеуіне тыйым салатын бір сұлтан Кабус керек-ақ!

Аягүл Мантай
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста