Басқа-басқа, балаға қатысты қылмыстарға келгенде, ділмәрсіп, шешенсімеңдерші
Педофилдерге өлім жазасын беруді арзан хайп деп жатқандар, сәл ойланып жазсаңыздаршы.. Дәл қазір ашынып отырған халықтың жан жарасын хайпқа теңеп, жоғарыдағыларға жақсы көрінбексіздер ме?
Алла бастарыңа ондай қасірет бермесін, әр сөздің салмағы бар.. Өз балаларың сондай қаныпезердің қолынан қорланып өлсе, хайп қумай, сабырлы болғандарыңызды көрер едік..
Педофилия деген-ауру. Ондай аурулар қоғамға өте қауіпті. Болашағымызға қауіпті. Ондай науқастармен церемониться етудің қажеті жоқ. Сосын кінәсіздік презумпциясын дәл осы категориядағы қылмыстарға айтпай-ақ қойыңыздаршы, қымбатты “білікті заңгерлер”. Тура бір біздің елде бүкіл заң нормалары қалтқысыз, мінсіз жүзеге асып жатқандай әңгіме айтып кететіндерге таң қалам. Басқа-басқа, балаға қатысты қылмыстарға келгенде, ділмәрсіп, шешенсімеңдерші, өтініш!
Өлім жазасына да қарсымын, біздің соттар ондай-мұндай дейтін “данышпандар” да ойланып сөйлесе екен. Өлім жазасын дәл қылмыстың үстінен түсіп, бұлтартпас дәлелдермен ұстағанда қолдансын деп ұсыныс айтып жатыр, ел-жұрт. Сіздер ойлағандай, кінәсіз адамды ешкім атып өлтірсін деп жатқан жоқ.
Өткен жылғы Сәтпаевтағы да, биылғы Сарығаштағы да балаға қатысты аса ауыр қылмыстарды жасаған педофилдерді халық өзі іздеп тауып, қылмыс үстінен ұстаған. Екі педофилді халық алдында қорлап өлтіру керек, оларға үкіметтен ақша бөліп, түрмеде тамақ беріп, асырамай. Олар бәрібір жазылмайды.
Педофилдік белгілері бар ауру адамдарды қоғамнан түгел тазарту керек. Кастрацияға да қыруар қаражат бөлудің қажеті шамалы. Ату керек, шетінен, сонда ғана тоқтауы мүмкін.
Lyazzat Akhatova
Фейсбуктегі парақшасынан