Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымда кіммен ойнайтыны белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Келесі кездесуде Рыбакина бірінші айналымда ресейлік Варвара Грачеваны 6:3, 6:2 есебімен жеңген хорватиялық теннисші, әлемнің 23-ракеткасы Донна Векичпен ойнайды.
Айта кетейік, Донна Векич Australian Open 2023 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Беларусь теннисшісі, сол турнирдің жеңімпазы Арина Соболенкодан жеңілді.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін сәтті бастағанын хабарлаған едік. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда ресейлік Полина Кудерметованы жеңді.