Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қазақстанның маңдайалды теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

 

Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші ұтқан еді.

 

Бұдан екі ай бұрын Е.Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында әлемнің 1-ракеткасын 6:4, 6:4 есебімен жеңген.

 

Бұл жолы бірінші партияда Елена брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

 

Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Содан кейін есеп 5:1 болып, өзі доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады.

 

Дегенмен матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

 

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

 

Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдыллықпен ұтқан Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті.

 

Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады.

 

А.Соболенко жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді жолдан тайдырды – 6:2, 6:3.

 

Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында А.Соболенко Е.Рыбакинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Соның есесін Елена қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен кездесетіні хабарланды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста