Танымал дат теннисшісі Каролин Возняцки үйлену тойының алдында қызойнағын жасау үшін Багам аралдарына ұшып кетті. Жақын құрбыларын өзімен қоса алып кеткен спортшы қыз демалысын шошқаларға толы жағалауда өткізген деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Возняцкидің қыз-ойнағындағы суреттер мен видеолар әлеуметтік желіге тарап кеткен.
Қалыңдықтың қуанышына әйгілі теннисшілер Серена Уильямс пен Николь Гиббс келген.
Көпшілікті спортшы арудың жағалауда шошқалар арасында қыз-ойнақ ұйымдастырғаны таңғалдырды.