Суперкомпьютер деген не?
Университеттердің бірінде суперкомпьютер орнатылды деп естідік. Оның қандай ерекшелігі бар?
Ербол, Қостанай
Расында да, Қазақ-Британ техникалық университетінде «суперкомпьютер» деп аталатын компьютерлік кластер іске қосылды. Бұл қондырғы стандартты компьютерлердің қауқары жетпейтін зерттеулерді жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, сұйықтықтар динамикасы, ауа райының өзгеруі, сейсмикалық белсенділікті болжау және адам геномын анықтау тәрізді күрделі жобаларды қолға алуға болады. ҚБТУ-дағы компьютерде мұнай-газ саласына қажетті күрделі геофизикалық зерттеулер жүргізілмек. Университеттің Enabling Grids for E-SciencE (EGEE) бағдарламасына қосылғандығы АҚШ пен Еуропадағы 70-тен астам ғылыми ұйыммен технологиялық деңгейде байланысқанын көрсетеді.Өйткені EGEE әр мемлекетте отырған ғалымдардың ортақ базаны көріп, онымен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.