Еліміздің көркеюі біздің ісімізге байланысты

Еліміздің көркеюі біздің ісімізге байланысты

Мұхтар өзінің 1991 жылы Тәуелсіздікке қол жеткізген күні туғанын есейген соң ғана сезінген. Ата-анасы отбасындағы жалғыз баланың Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы екенін мақтаныш етеді. Мұхтардың өзі келешекте осы атқа кір келтірмеуді ойлайды.
Мұхтар Пернебеков – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік универ­ситетінің студенті. Мәдениеттану маман­дығы бойынша білім алып жатыр. Ол Пав­ло­дар қаласында туып-өсті. Бала кезінен оқу-білім мен спортқа құштар болды. Камал Мақпалеев атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектепті тәмамдаған. Оқушы кезінде құқықтану пәнінен қалалық олимпиадада және дзюдодан жасөспірім­дер арасында өткен қалалық біріншілікте жүлделі орындарды иеленген. Он жасында Павлодар қаласында Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы ретінде марапатталып, сол кездегі Үкімет басшысы Даниал Ахметовтің қолынан компьютерге ие болды.


Мұхтар ПЕРНЕБЕКОВ, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті:
– Бұрын бала кезімде 16 желтоқ­санды жай мереке деп қана білетін­мін. Қадірін онша сезіне қоймаппын. Кейін есейе келе бұл күннің айрықша маңызын түсіндім. Маған бәрі, әсіресе, ата-анам Тәуелсіздіктің құрдасы деп қарайды. Бұл – ерекше жауапкершілік. Сондықтан мен Қазақстанмен бірге өсіп-жетіліп, ата-анамның үмітін ақтауым керек. Қазір еліміздегі жағдай бір кездегідей қиын емес, оқимын деген адам оқи алады, жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар, бұл – халқымыздың бірлігі мен Елбасының дұрыс стратегиясының арқасы. Ал Қазақстанның болашағы – біздің қолымызда. Еліміздің көркеюі, гүлденуі, шарықтап, биіктерден көрінуі біздің ісімізге байланысты. Сол себепті біз оқуымызды жақсы оқып, азамат болуымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста