Жер игерген жұрт жүзімнен нәпақа айырып отыр

Жер игерген жұрт жүзімнен нәпақа айырып отыр

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды екені Елбасы Жолдауында айтылған болатын. «Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек», - делінген болатын Жолдауда. Осы орайда, Оңтүстіктің диқандары жаңа технологиялар енгізіп, ауылшаруашылық өнімдерін молайтуға, бәсекелестікке қабілетті етуге мүдделі, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Мысалы, Қазығұрт ауданының «Аманкелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 150 гектар алқапта жүзім өсірілуде. Бүгінде жайқалған жүзім сабақтарына біткен салалы өнім бірден көзге түседі. Терім науқаны да қызу.
Жүзімнің 7-8 сорты бар. Қазіргі таңда Италиядан әкелініп, егілген жүзімнің «Кардинал» сорты терілуде. Сондай-ақ, жүзімнің басқа да «Красное», «Белое», «Крымский шоколад» деген сортымен қоса жергілікті жерге бейім «Тайпа», «Киш-миш черный», «Дамский пальчик» сорттары да өсірілуде. Жиналған өнім алдын-ала түзілген келісім шарт бойынша Ресейдің Москва, Хабаровск, Иркутск қалаларындағы супермаркеттерге және еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе қаласының тұрғындарына жөнелтілуде. Айта кетелік, «Амангелді» ЖШС-нің өнімдерін сақтауға арналған жеке қоймасы бар. Сыйымдылығы 2 мың тонна болатын сақтау орнындағы 10 камера толған уақытта ондағы өнімдер отандық сауда орындарынан бөлек, шетелдік нарыққа шығарылады.
Шардаралықтар да көп жылдық екпелерге көңіл бөле бастапты. Соңғы бір жылдың көлемінде Тұрысбеков ауылдық округінде 220 гектарға, Жаушықұм ауылында 55 гектарға, Қоссейіт ауылында 13 гектарға жүзім көшеттері отырғызылған. Жүзімнің «тайфи розовый» сортын еккен шаруалар өнімді үш жылдан соң алатынын айтуда. Ал бүгінгі таңда ауданда 209 гектар жерге егілген жүзім алқабынан өнім жиналуда. Гектарына 35 центнер өнім алған диқандар 731,5 тонна жүзім жинапты. Жалпы шардаралық шаруалар 2010 жылдан бері жалпы көлемі 1097 гектар жерге егілген бау-бақшадан мол өнім жинап келеді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста