Түлкібас жерінде алма шаруашылығы қарыштап дамуда

Түлкібас жерінде алма шаруашылығы қарыштап дамуда

Таулы аймақ Түлкібаста алманың апорт сұрпын өсіріп жүрген шаруашылық саны артып келеді. Бүгінгі таңда аудан көлемінде апорт алмасын өсіретін алқаптардың көлемі 200 гектарға жетті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Апорт алмасын өсіруді аудандағы «Көктал», «Арша» шаруашылықтары қолға алып, жыл сайын жаңа бау егуде. Сатылымда сұранысқа ие апорт алмасын егуге басқа да шаруашылықтар қызығушылық танытып отыр. Қазір аудандағы ірілі-ұсақты 20-ға жуық шаруашылық соы алманы баптаумен айналысуда. Бағбандар әзірге өнім ала қойған жоқ. Өйткені, жемістің бұл сұрпы өнімді 7-8 жылдан соң береді. Ал түлкібастық апорттардың өсіріліп жатқанына 3 жылдан енді асты.
Айта кетейік, жемісі ірі келетін апорттың біреуінің салмағы 500-600 грамға дейін жетеді. Түсі алқызыл болып келетін бұл сұрып қыркүйек айында піседі, қаңтар-ақпан айларына дейін сақтауға болады.
Түлкібас ауданының аты кезінде апорт алма өсірумен шыққаны белгілі. Жемістің бұл түрі теңіз деңгейінен 900 метрден жоғары жерде ғана өседі. Ал Түлкібас ауданы — биік аймақта орналасқан өңір.
2020 жылға мерзімде дейін аудан көлемінде алма бау көлемі 3600 гектарға жеткізіп, оның ішінде ауданда қарқынды бауларды өсіру дамытылып, өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда. Алдағы мерзімде алманы Түлкібас ауданының брэндіне айналдыру жолында жұмыстар атқарылатын болады. Ауа райы қоңыр салқын, алма-бау жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы аймақ болып есептеледі. Бүгінгі таңда аудандағы барлық жеміс ағаштарының көлемі 3115 гектарды құрап отыр.

"Алаш айнасы" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста