Қымбатшылық: Саудагерлер көкөніс бағасының неліктен арзандамай жатқанын түсіндірді

Қымбатшылық: Саудагерлер көкөніс бағасының неліктен арзандамай жатқанын түсіндірді

Бау-бақша пісетін уақыт келгенімен баға түсетін емес! Елімізде көкөніс құны әлі шарықтап тұр. Қазір картоп 250, орамжапырақ 280, сәбіз 200 теңгеге жеткен. Елордаға жақын өңірлер мұны астаналықтар тарапынан көбейген сұраныспен байланыстырса, теріскейліктер бұл құбылысқа көктемгі тасқын кінәлі деп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.
Қарағандыда картоптың көтерме бағасының өзі 200 теңгеден басталады. Ал солтүстік өңірлерге жеткізілетін көкөністердің бәрі осы базардан тасылады. Бұл қайта соңғы екі үш күнде бағаның сабасына түскені дейді саудагерлер.

«Алған баға қымбат болса қымбат қоямыз. Арзан келсе, арзан болады. Мысалы, өрік аз болса, бірден өріктің бағасы көтеріледі. Биыл ғана қымбат боп тұр. Жылда арзан болатын. Кім біледі енді? Бірден Астанаға кетіп жатқан шығар», – дейді саудагер Райхан Тағаева.

Ал сәбіз мұнда 170, қызынақ 280, қияр 300 теңдеген жоғары. Керекуліктер де қымбатшылықтың зардабын тартып отыр. Бұған дейін картоптың келісі 90 теңге болса, қазір 250. Атыраулықтар тіпті Мысыр мен Әзірбайжаннан картоп алдырып жеп жүр. Африкадан әкелінгені 220, ал Каспийдің арғы жағынан жеткені 180 теңге. Керісінше өзімізде өскен капуста мен сәбіздің құны аспандап тұр. Орамжапырақ – 300, сәбіз -180 теңге. Қымбатшылық Қызылжарды да қысып барады. Мұнда картоп пен сәбіз Афирканың бананынан да әлдеқайда қымбат.

«Тұрақтандыру қорындағы көкөніс таусылды. Қазір маусым айы. Былтырғы өнімді ұзақ сақтауға бізде мүмкіндік жоқ. Сондықтан баға осылай құбылып тұр», – дейді Петропавл қалалық әкімдігінің бөлім басшысы Евгения Сальникова.

Қызылжардың қара топырағында өсетін өнімдердің мұншама қымбаттауына биылғы тасқын да себеп көрінеді. Көктемде жертөлелерді басқан су халықты азықсыз қалдырған. Ал қорынан айрылған қызылжарлықтар базардағы бағаға қарамай жатыр.

Көкөністің қымбаттауын мамандар уақытша құбылыс дейді. Қазір оңтүстік өңірлерден жеткізілетін көксөк көлемі көбейсе, солтүстік сөрелеріндегі баға да байыбына түсуі тиіс. Бір түйір картопты бір бөлке наның бағасымен сатып алып жүрген жұртқа әзірше шыдай тұрудан басқа амал жоқ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста