Ордабасы өнім жинаудың озық үлгісін көрсетуде

Ордабасы өнім жинаудың озық үлгісін көрсетуде

Алдағы уақытта сырттан тасымалданатын көкөніс, жеміс жидек түрлерін тосқауыл қойып қана қоймай, сыртқа еккен өнімін экспортқа шығару да шаруаларымыздың басты мақсаттарының бірі. Бүгінгі күні әлемді гендік модификацияланған өнімдер қаптап кеткен тұста, оңтүстіктің табиғи өнімдері мол сұранысқа ие болатынына үміт зор!

 

Осы орайда ауылшаруашылығымен айналысатын аудандарымыз жыл өткен сайын егістік жер көлемдерін әртараптандыру мақсатында түрлі дәнді дақылдармен бірге жеміс жидек, бақша өнімдерін өндіруге де көңіл бөліп келеді. Өз кезегінде жердің игілігін көріп, жер шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының көбеюі де қуантып тұр. Мәселен Бөген ауыл округінен Битуғанов Сұңқар мақта ексе, Шұбар ауыл округінен Оразалиев Серик Нуралиевич дәндік жүгері өсіруде мол өнім алып жетістікке жетуде. Қажымұхан ауыл округінен бақша, көкөніс, мақсары дақылдарын өсіруші «Нұралы» өндірістік кооперативінің төрағасы Молдабаев Нурмахан Туреханович, Бадам ауыл округінен «Бадам» өндірістік кооперативінің комбайншысы Сәбитов Күмісбек Құралұлы, Жеңіс ауыл округінен «Елубай»шаруа қожалығының төрағасы Байжанов Бауыржан, Қараспан ауыл округінен «Береке-5» өндірістік кооперативінің төрағасы Есенбай Әлібек аудан мақтаныштарына айналып отыр. Сондай-ақ Төрткөл ауыл округі бойынша АБК Көксарай ЖШС-нің төрағасы Шекербек Әзімбай 15 гектар жерге бақша егіп, гектарына 60 тоннадан өнім алып, жоғары нәтижеге қол жеткізсе, Қараспан ауыл округі бойынша «Түгіскен ата» шаруа қожалығының төрағасы Мамбеталиев Рүстем 5 гектар жерге картоп егіп гектарына 200 центнерден өнім алып, табысқа кенелуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста