Оңтүстіктің мақтанышы - "Ордабасы"

Оңтүстіктің мақтанышы - "Ордабасы"

Оңтүстіктің мақтанышы - «Ордабасы» асыл тұқымды қой түрі. Бұл - оңтүстік ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі. Бір аталық мал басы 120 кг дейін ет береді. Бүгінде ел аумағына таралған ет бағытындағы аталмыш қой тұқымына көрші мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр. Өйткені, жаңа тұқымды қойлар ыстық пен суыққа төзімді, шөлге шыдамды. Жүні мен майы аз, еті мол. Төрт айлық қозының орташа салмағы 40 келі тартады. Ірі, сақа саулықтардікі - 70-90, ал қошқарларының салмағы шамамен 95-тен 120 келіге дейін жетеді. Еттілігіне байланысты мұндай қой тұқымы қазірдің өзінде аса өтімді. Қазақы қойдың тағы бір ерекшелігі - барлық жердің табиғатына тез бейімделеді. Төзімді, жер таңдамайды, жылдам жетіліп, тез қоңданады.
«Сералы» шаруа қожалығы бұл қойды 20 жылдан бері өсіріп келеді. «Қазір ұсақ малдың май емес, ет беру өнімділігіне ерекше мән беріледі. Бұрын керісінше еді. Сол себепті, бұл қойлардың бойына май емес, етті көп жинайтындығы көпшілікті қызықтырады. Мәселен, 2015 жылдың өзінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарына 2500 саулық пен тұсақ саттық», - дейді шаруа қожалығының басшысы Сералы Әбжалов.
Шаруа қожалығы 2014 жылы мемлекеттен 5 млн 200 мың, 2015 жылы 5,5 млн теңге алып, игілікті іске жұмсады.

"Алаш айнасы" 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста