Бүгін қазақ спортының жарық жұлдыздарының, әйгілі ардагерлерінің бірінің суретін беріп отырмыз. Кезінде халық бұл ағамызды «Қажымұқанның ізбасары» деп атаған. Бозкілемде өшпес ізі, өзіндік айла-тәсілі қалған ерекше тұлға. Әртүрлі себептермен КСРО құрамасының сапына көп іліге алмаса да, бірнеше дүркін Олимпиада және әлем чемпиондарын жеңіп, өзінің білекті де қайратты балуан екендігін паш ете білген. Кейін сол даңқты балуандардың бәрі дерлік қазақтың қайсар ұлынан жеңілгендерін мойындап, өз өмірлері жайлы кітаптарында жазған. Сонымен, қолына түссең, кілемге аунатпай тынбайтын бұл балуан кім?
А) Амангелді Ғабсатаров
Ә) Аманжол Бұғыбаев
Б) Әбілсейіт Айханов
В) Балуан Шолақ
Өткен жолы халқымыз ерекше құрмет тұтатын боксшы ағамыздың жас кезіндегі суретін бергенбіз. Боксшы болып, еліміздің абыройын асқақтатып қана қоймай, осы спорт түрін дамытуға да сүбелі үлес қосып, білікті бапкер, білімді маман болғандығын да тілге тиек еткенбіз. Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып, Атланта Олимпиадасында төрт медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте боксшыларымызды үшінші орынға шығарған ағамызды танитындар аз емес. Оқырмандар оған көзімізді жеткізді.
Жұлдызды жазбай таныңыз
Последние статьи автора