«Жетісу кубогы» жеңімпаздарын анықтады

Талдықорғанның «Жастар» спорт сарайында бокстан жастар арасындағы «Жетісу кубогы» халықара­лық турнирі өтті. 11 салмақ дәрежесі бойынша 300-ден астам боксшының басын қосқан бұл турнирге Қазақ­стан­ның барлық аймақтары­нан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан құрамалары да қатысқаны­мен, қонақтардан тек екі боксшы ғана жүлдеге іліге алды. Ал дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасы­ның аға бапкері Ғалым Кенже­баев келесі жылғы Азия чемпионатына қатысатын жастарды іріктеді.
Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Жетісу кубогының» тарихы қы­зық. Әу баста ауыларалық турнир болып, шалғай ауылдарда өткен. Одан кейін ауданаралық сипат алған. Кейін турнирдің маңызы артып, облыстық дәрежеге ие болыпты. Артынша еліміздің басқа аймақ­тары да қатысуға ниет білдіріп, республи­калық додаға айналған. Содан аудандарда емес, облыс орталығы Талдықорғанда өте­тіндей дәрежеге жеткен. Көршілес ел­дер де өз боксшыларын жіберіп, турнирді халықа­ралықтандырып жіберді.
Сонымен не керек, жартылай финал­ға қонақтардан екі-ақ боксшы шықты. Ресей мен Әзірбайжанның жастары іріктеуден де аса алмай пұшайман болды. Қырғызс­таннан 56 келіде Мұнарбек Сейт­бекуулу қалған еді, шымкенттік Сұлтан Зауырбектен жеңіліп қалды. Ал аса ауыр салмақ дәрежесіндегі тәжік боксшысы Далер Сүлеймановтың жолын жартылай финалда қарағандылық Дмитрий Зиско кесті.
Сөйтіп, аптаға созылған «Жетісу кубо­гы» мәресіне жетіп, жалпыкомандалық бейресми есепте бірінші орынды Тараз қаласының тарландары жеңіп алды. Финалға бес боксшысы шыққан. Екеуі бір-бірімен кездесті. Нәтижесінде, 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальды қоржындарына салды. Екінші орын – 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальды еншілеген Алматы облы­сында. Сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Оңтүс­тік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы да бір-бір алтынға ие болды.

Ғалым Кенжебаев, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:  
– «Жетісу кубогын» екінші ел чемпиона­ты деп те айтып жүрміз. Өйткені соңғы кездері мұнда өте мықты жастар жиналуда. Маңызы зор. Биыл бір жағынан бұл турнир келесі жылы өтетін Азия біріншілігіне іріктеу додасы ретінде де ұйымдастырылды. Әлбетте, Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан өрендеріміз бұл турнирге келген жоқ. Олар­ға демалыс берілген болатын. Сон­дықтан «Жетісу кубогының» қорытын­дысына қарап, жастар құрамасын жасақтаймыз деуге болмайды. Деген­мен жүлдегерлердің барлығын оқу-жаттығу жиынына шақырамыз. Ал жеңімпаздар үшін құрамаға ілігетін керемет мүмкіндіктер туып тұр.
– Арасында ерекше өнерімен сүй­сінт­кендері бар ма?
– Маған 49 келіде финалға шыққан екі боксшы да қатты ұнады. Содан кейін тараздық Бекжан Бәкіров, Хасен Азизбеков дейтін дарынды боксшылар бар. Бұларды бұрыннан бақылап жүрмін. Алматылық Аян Қалибековтің де болашағынан мол үміт күтемін. Дегенмен жастар ешқашан тұрақты болған емес. Бүгін керемет өнер көрсетсе, ертең мүлдем жұдырықтаса ал­май қалуы мүмкін. Сондықтан жеке бап­керлері шәкірттеріне өте мұқият болулары қажет.
– Енді оқу-жаттығу жиынын қашан өткізесіздер?
– Алғашқы оқу-жаттығу жиынын 20 қарашада Ақмола облысындағы Шор­танды қаласында өткіземіз. Одан кейін желтоқсан айында Шымкенттегі «Бәйше­шек» санаторийінде жинаймыз. Одан кейін соңғы жиынды келесі жылдың қаң­тар айында өткіземіз де, Алла бұйыртса, Азия чемпионатына аттанамыз.
– Соңғы сұрақ, сіз кезінде Геннадий Головкиннің жеке жаттықтырушысы болғансыз. Соңғы айқасы жайлы не айтасыз?
– Генамен хат алысып тұрамыз. Маған жиі хабарласады. Стивенспен болатын жекпе-жегіне шақырған, «Жетісу кубогы­на» байланысты бара алмадым. Шыны керек, бесінші раундқа жеткізбей құла­татын шығар деп ойлағанмын. Бірақ Кер­тистің қорғанысы берік екен. Әйтсе де әке­сін танытып тұрып соқты ғой, біздің Гена.

«Жетісу кубогының» жүлдегерлері:
46 келі:
1. Әлімжан Бескемпір (Тараз)
2. Рүстем Шауменов (Қарағанды)
3. Абылайхан Жүсіп (ОҚО)
3. Мирас Ертанов (Алматы обл.)
49 келі:
1. Бағлан Болатбай (Алматы обл.)
2. Ертуған Зейнулинов (Алматы обл.)
3. Рауан Наметов (Тараз)
3. Заманбек Данабеков (Ақтөбе)
52 келі:
1. Хасен Азизбеков (Тараз)   
2. Иван Ковалев (ШҚО)
3. Тілек Кәдірханов (ШҚО)
3. Самат Нысанов (Алматы қ.)
56 келі:
1. Сұлтан Зауырбек (ОҚО)
2. Қайсар Тұрсынбай (ОҚО)
3. Мұнарбек Сейтбек уулу (Қырғызстан)
3. Мирас-әли Сәрсенов (Алматы қ.)
60 келі:
1. Әбілхан Аманқұл (Тараз)
2. Ернұр Өлмесбек (Қызылорда)
3. Райымбек Төкенов (Ақтөбе)
3. Саят Мұратбеков (ШҚО)
64 келі:
1. Аян Қалибеков (Алматы қ.)
2. Джахар Париев (Алматы обл.)
3. Сұлтанбек Есенов (Алматы қ.)
3. Әділет Дәмеш (Ақтөбе)
69 келі:
1. Еламан Серікбай (Алматы обл.)
2. Владислав Столбовский (Қарағанды)
3. Аслан Әлдиярбек (Алматы қ.)
3. Илья Очкин (Кереку)
75 келі:
1. Бекжан Бәкіров (Тараз)
2. Рамазан Тәуекел (Тараз)
3. Ислам Қойшыман (ОҚО)
3. Арсен Ахметов (Алматы обл)
81 келі:
1. Вадим Казаков (Ақмола)
2. Тимур Ержанов (ШҚО)
3. Салауат Төлеубаев (Алматы обл.)
3. Нұрсұлтан Жалғасов (Қызылорда)
91 келі:
1. Темірлан Қабиев (Қостанай)
2. Қуаныш Мырзаханов (Алматы обл.)
3. Нұрболат Сермаханов (Астана)
3. Абылай Бақторазов (Маңғыстау)
91+ келі:
1. Елдос Қадырбаев (Алматы обл.)
2. Дмитрий Зиско (Қарағанды)
3. Құрмантай Нұров (ОҚО)
3. Далер Сүлейманов (Тәжікстан)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста