Жеңімпаздар шеруін шығыс жұрты бастап берді

Жеңімпаздар шеруін шығыс жұрты бастап берді

Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары аймақтарға сапарын ең бірінші болып Шығыс Қазақстан облысынан бастады. Облыс орталығы Өскеменге Олимпиада чемпиондары – Илья Илин, Серік Сәпиев, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, сонымен қатар қола медаль иегерлері Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гүзел Манюрова, Марина Вольнова, Иван Дычколар ат басын тіреп, жұртшылықпен жүздесті. Осы саптағы жеңімпаздар Ольга Рыпакова мен Александр Винокуров кезекті жарысқа аттанып кетуіне байланысты салтанатты шеруге қатыспады.
Ұшақтан жүздері бал-бұл жанып, кеуделеріндегі алтын медалі күнге шағы­лыса түскен спорт жұлдыздарын ең әуелі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев бастаған қала жұрт­шылығы қарсы алды.
– «Елге сыйлаған айтулы жеңістеріңіз үшін барлықтарыңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздерді Қазақстан халқы бейбіт күннің батырлары деп біледі. Сол жеңістердің арқасында еліміздің Әнұраны Лондон жұртшылығының құлағында жат­талып қалды, сол жеңістердің арқасында Көк байрағымыз Олимпиада биігіне сан мәрте көтеріліп, Қазақстанның аты бірнеше дүркін аталды. Ал Олимпиада алтынын екі мәрте кеудесіне таққан Ильяға мың да бір алғыс айтамын. Сіздер өздеріңіздің ерен еңбектеріңіз бен мұқалмас жігерлеріңізді сын сағаттарда жани отырып, әлемдік спорт сахнасында Қазақ елінің шоқтығын биіктет­тіңіздер. Азуын айға білеген алыптардың арасынан біздің мемлекет алдыңғы 12-нші орыннан көрінетінін ешкім де күтпеген еді. Бұрынғы Кеңес Одағы және Шығыс Еуро­паның көптеген елдері бізден кейінгі орын­дарға табан тіреді. Бұл жеңіс – сіз­дердің еңбектеріңізбен келген жеңіс. Біздің аймақ Олимпиада чемпиондарын алғашқы болып қабылдап отыр, шығысқазақс­тандық­тар­дың атынан сіздерге тағы бір мәрте риза­шылығымды білдіргім келеді», – деді өз сөзінде облыс басшысы.
Ата дәстүрімізге сәйкес, келген қонақ­тарымызды әжелер шашумен қарсы алды. Қашан да көңілді жүретін, жүзі жарқын Ильия Ильин: «Осы апаларымыз пісірген бауыр­сақтан тәтті дәм жоқ», – деп ағынан жарылды. «Жарайсыңдар, батырлар!» деп жан-жақтан айқайлаған жұртқа қолтаңба беруден спортшылар да еш жалыққан жоқ. Қаумалаған жанкүйерлерімен суретке түсу чемпиондарға да үлкен қуаныш сыйлайтын сияқты. Өз салмағынан бірнеше есе ауыр зілтемірлерді оп-оңай көтеретін шына­шақтай Зульфия Чиншанло қаумалаған халықтың арасынан көрінбей қалып жатса, еңгезердей Иван Дычко сонадайдан көзге шалынады. Серік Сәпиевтің ринг алаңын­дағы ерлігіне разы болған жұрттың бокс­шыға деген ықыласы ерекше, Баркер кубо­гының иегерімен суретке түсіп қалуға тал­­пынған жұртта есеп жоқ.– «Ұшақтан бі­раз шаршаңқырап түскенмен, шығыстың қонақжай халқы, олардың бізге деген құр­меті көңілімізді көкке көтеріп тастады. Маған шаршы алаңда күш-қуат берген де осы халқым еді, – деді Серік Сәпиев.
Қазақша сайрап тұрған боксшы қыз Марина Вольнова да өзінің жүрекжарды лебізін мемлекеттік тілде жеткізді. «Мені қолдаған барлық Қазақстан жұртына шын көңілімнен рақметімді айтамын», – дейді ол. Қызылорданың Қазалы ауданында туған Марина бала кезінен қазақша сөйлеп өсіпті.
Бұдан соң спортшылар легі арнайы чем­пиондарға арналған төбесі ашық көлікте қала көшелерін тік тұрып аралады. Жалау­лары желбіреген салтанатты шерудің қата­ры­нан қала байкерлері де қалған жоқ. Чем­пиондар кортежі әуежайдан бастап, Тәуел­сіздік даңғылының бойымен сап түзей қозғалды. Жол бойы жеңімпаздарға қош­емет көрсетіп, қол бұлғаған халық спорт­шыларға деген ыстық ықыластарын аяп қалған жоқ.
Ұлылар рухына тағзым етуді парыз санаған Олимпиада жүлдегерлері қала көшелерімен қозғала келе, қаланың қақ ортасындағы Республика алаңына тоқтап, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Спортшылар шеруі одан ары Ертіс жаға­лауындағы амфитеатрда жалғасын тапты.
Ертіс жағалауындағы амфитеатр ала­ңын­да ине шаншар жер болмады, Олим­пиада чемпиондарын көруге Өскемен тұрғындары мен қонақтары көптеп жи­на­­лыпты. Осында орнатылған сахна төрінде еліміздің абыройын күллі әлемге асқақ­татқан сайыпқырандарымызға құрмет көрсету рәсімі өткізілді.
Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Бұл күн – Шығыс Қазақстан өңірі үшін есте қалатын тарихи күн. Тұңғыш рет біздің өңірімізге, Өскемен қаласына кешегі Лон­донда өткен Олимпиада чемпиондары келіп отыр. Бұл – біздің облыс үшін көр­сетілген үлкен құрмет. Менің ойымша, Олимпиада жүлдегерлерінің осы сапары жастарға спортпен айналысуға үлкен рух, күш бермек.

Елбасымыздың қолдау-қамқорлығын сезінген спортшыларымыз байрақты бәсе­келерде ағарып, алдан көрінуде. Биылғы Олимпиада Қазақстанның күш-қуатын барша әлемге тағы бір мәрте танытты. Қоржынға жеті алтын, бір күміс және бес қола медаль салған еліміздің командасы жалпы есепте 12-нші орын алды, бұл – расында да, керемет көрсеткіш. Тіпті дамыған Еуропа елдерінің өзі Қазақстан­ның соңында қалып қойды. Ал кенді Ал­тай­дың аруы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Олимп шыңын бағын­дырып, Шығыстан шыққан тұңғыш Олим­пиада чемпионы атанды. Өскемендегі Сол жағалауда салынып жатқан жеңіл ат­летикалық манежге Ольга­ның есімін беруді ұйғарып отырмыз. Күні ертең ол жерде талай чемпиондар тәрбиеленіп шығары анық.
Бұдан соң аймақ басшысы Қазақ елін төрткүл дүниеге танытып, мәртебесін асыр­ған ұл-қыздардың әрқайсысына 1 миллион теңгенің сертификатын және облыс әкімінің Алғыс хатын салтанатты түрде табыс етіп, 2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында да дәл осындай жетістік, сәттілік тіледі.
Олимпиада жүлдегерлері де өз кезегін­де шығыс жұрты тарапынан көрсетіліп отыр­ған осындай құрмет пен қошемет үшін алғыстарын білдірді. Ал салтанат соңы ме­рекелік концертке ұласты.
Осыдан кейін бағдарлама бойынша олим­пиадашылар «Қазақстан» жазуы көз тартып, Көк байрағымыз желбіреп тұрған қала іргесіндегі тау басына бет алды. Спорт­шылар Өскемен алақандағыдай көрінетін осы жерде әсем қаламызды тама­шалап, жанкүйерлерімен, қала тұрғында­рымен бірге естелік суретке түсті. Елдігімізді айғақтап, рухымызды асқақта­тып тұрған бұл алаңда Лондон Олимпиадасының жүлдегерлері жастарға үндеу жариялады.
«Бүгін біз Лондонда өткен Олим­пиада ойындарының жеңімпаздары, қа­сиетті Шығыс Қазақстан жеріндегі Қа­зақстан Республикасының мемлекеттік рәміз­дері тауында тұрып, мемлекетіміздің жас ұрпақтарына үндеу жариялауға мүм­кіндік алғанымызға өте қуаныштымыз. Сіздер – еліміздің болашағысыздар, біз сияқ­ты батыр, мықты және алғырсыздар. Біз барша жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға, елінің патриоты болуға шақырамыз» делінген үндеуде. Оның мәтінін Серік Сә­пиев пен Светалана Подобедова қазақ және орыс тілдерінде оқып шықты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста