Жекпе-жек – қазақтың ұлттық өнері

Жекпе-жек – қазақтың ұлттық өнері

Жақында Алматыдағы Қазақтың спорт және туризм академиясында жекпе-жек өнерінен Азия чемпионатына іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Соның ашылу салтанатында Қазақтың ұлттық жекпе-жек өнері академиясының тұсаукесері өткізіліп, оған Сабыржан Махметовтің есімі берілді.
Қазақтың спорт және туризм акаде­мия­сы былтырдан бері осындай игі бас­та­маны қолға алып, қазақ спортының жарық жұл­дыздарын ұлықтап келеді. Былтырдан бері спорттық гимнастикадан Нелли Ким, бас­кетболдан Әлжан Жармұхамедов, фут­бол­дан Тимур Сегізбаев, шаңғыдан Влади­мир Смирнов атындағы академиялар ашыл­ды. Бәрі – мақтан тұтар тұлғаларымыз. Биыл жекпе-жек академиясы тұсауын кесті. Жо­ғарыда жазғанымыздай, бұл академия Са­быржан Махметовтің есімімен аталатын болды. Сонымен қатар кезінде шығыс жек­пе-жектерінің көптеген түрінен шаршы алаң­ның шаңын шығарған жүректі жігіт аға­сына Қазақтың спорт және туризм ака­демиясының құрметті профессоры атағы берілді. Осындай игілікті істерді қолға алып, Қазақстан спортының дамуына ерен еңбек сіңірген жарық жұлдыздарымызды әспеттеп жүрген – Қазақтың спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Зәкіриянов ағамыз. Халық атынан осындай сый-құрмет көрсетіп, ел спортында өшпес із қалдырған тарланбоздарымызды ұлық­тап келеді. Тереңнен үңілсек, мән-мағы­насы зор, ізгілікті іс. Тіпті тәрбиелік мә­нінің өзі қаншама...
Өзіне осындай сый-құрмет көрсе­тіл­генде Сабыржан Махметов қатты толқыды. Тол­қымай қайтсін, залда ине шаншар орын жоқ. Халық ығы-жығы. Қайрат Зәкіриянов ағамыз: «Қазақ спортына Махметовтің сіңірген еңбегі телегей-теңіз. Оған қандай құрмет көрсетсек те, жарасады», – дегенде жиналған халық тік тұрып, ду қол шапа­лақ­тады. Өзін Нелли Ким, Владимир Смир­­нов, Әлжан Жармұхамедов, Тимур Се­гіз­баев сынды ел спортының тарихи тұл­ға­ларымен қатар қойған киелі шаңыраққа және өзіне осындай қошемет көрсеткен көпшілікке шексіз ризашылығы мен ыстық ықы­ласын білдірді. Сәл кейінірек тілге тарт­қанымызда: «Халықтың осылай қоше­мет-құрмет көрсеткенінен үлкен сый, одан үлкен баға жоқ. Өйткені халық махаббатын са­тып алу мүмкін емес, мүлде мүмкін емес», – деп ағынан жарылды.
Негізі, Сабыржан Махметов те – ел спортына ерен еңбек сіңірген азамат. Әуелі Батыс Еуропаға ережесіз төбелестен қа­зақ­­тың атын шығарды. Жастарымыз фильм­­де­­рін кішкентайларынан көріп өс­кен әйгілі киножұлдыздармен де таныс бол­ған. Олар да қазақтың қайсар ұлының сом білегі мен пәрменді жұдырығының қуатына там­санған. КСРО-ға ғана емес, күл­лі әлемге та­нымал жекпе-жек өнерінің хас шебері бол­ды. Кейіннен жаттықтырушы болып, бап­керлікпен айналысты. 90-жыл­дардың ба­сында елімізде кикбоксингтің қарқынды түр­де дамуына өз үлесін қосты. Қайсар мі­незді Сабыржан аға сол жылдары жү­регінің түгі бар бірнеше қазақтың ба­ла­сын тәр­бие­леп шығарды. Еліміздегі кик­бокс фе­де­рациясының тізгінін ұстады. Қа­зір рес­пу­бликалық жекпе-жек фе­­дера­­циясын құ­рып, соны басқаруда. Ендігі ар­маны – қа­зақтың төл өнерін күллі әлемге паш ету.
– Қазір ережесіз төбелестен неше түрлі турнирлер өткізілуде. Әр қилы, әр түрлі аталады да: М-1, ММА, бои без правил, микс файт, джиу джитсу және т.б. Солай-со­лай кете береді. Бәрі де – ақша табу үшін жасалып жатқан  заманауи шоу. Ішінде кім жоқ дейсің. Тіпті төбелесу білмейтін елдер­дің жігіттері де бар. Яғни осындай өнері жоқ елдердің де спортшылары бар арала­рында. Ал қазақ – ілуде біреу. Ал қа­зақ­­та жекпе-жек өнері ықылым заман­нан бар емес пе?! Қазақ қашанда «алыспақ керек пе, жұлыспақ керек пе» деп ешкімге есе жібермеген. Шапқыншылық дәуірде жұ­­дырықтасудың төбелестің төресі екен­ді­гін біліп, жауынгерлік өнерді жақсы мең­гер­ген. Аттың үстінде де, аттан түссе де, еш­­кімге дес бермеген. Біз осы өнерімізді жаң­ғыртсақ дейміз. Ештеңені ойдан шы­ға­­рып, жаңадан жасап жатқан жоқпыз. Төл өнерімізді қайта жандандырсақ дейміз. Жаратушы күш қазаққа жүрек пен рух бер­ген. Соны жоғалтпауымыз керек. Жігіт­те­рі­міз ез болмай, ержүрек ер-азамат бол­сын дейміз. Сосын «жекпе-жек» сөзін ау­­дар­­май, халықаралық аренаға осылай ­шығуы­­­мыз керек. Жапондар дзюдосын еш тіл­­ге аудармай дамытты ғой. Бүгінде ере­же­­сіз төбелестен ресейліктер мен брази­лия­­лықтардың тасы өрге домалап тұр. Олар дамыған үстіне дамып кетті. Ал біз бол­сақ ұлттық жекпе-жек өнерін жо­ғал­тып ала жаздадық. Енді жігіттерімізді да­йын­дап, төл өнерімізді дамытып, төрткіл дү­ние­ге қазақ өнерін де паш етуіміз керек. Бұл үшін жекпе-жекті ғылыми тұрғыда же­тіл­діру керек. Бұл орайда Қазақтың ұлттық жек­­пе-жек өнері академиясының атқарар рө­лі мен қызметі ерекше болады, – деді Са­­бы­ржан Махметов сөзге тартқа­ны­мыз­да.  
Сабыржан Ғалымжанұлының негізгі мақ­саттарының бірі қазақтың жүректі де білекті ұлт екендігін бүкіл әлемге паш етіп, әлем құрамасын жеңу ғана емес, ең бас­тысы – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу. Жа­ңадан ашылып отырған Қазақтың ұлттық жек­пе-жек өнері академиясында осыған, яғни жастарды тәрбиелеу жұмыстарына көп көңіл бөлу қарастырылмақ. Академия қабырғасында қолына диплом алып шы­ғатын мамандарға жекпе-жек өнері де үй­ре­тіледі. Оның түпнегізін меңгерген ма­ман­дар ертең мектеп қабырғасындағы жас­­тарға төл өнерімізді үйретуі керек. Са­быр­жан Махметов «жекпе-жек бокс пен кү­рес түрлерінің барлығының негізі (түпта­мыры) болса» деген ойын да жайып салды. Содан соң ұстаз әр балаға «сенің соқ­қың қуатты, сен боксқа бар, сен жақсы күресесің, күреске бар» деп, әрқайсысын өз қабілетіне қарай жіктеп отыруы керек дейді.
Жалпы, Қазақтың ұлттық жекпе-жек өнері академиясының құрамында үш ка­федра болмақ екен. Олар – бокс, күрес, ұлттық жекпе-жек.
Сабыржан Махметов ұлтымыздың жыл­қы мінезді екендігіне айрықша көңіл бө­ліп, ата-бабаларымыздың бойында болған рухымызды жоғалтпауға шақы­ра­ды. Символымыз арлан болуы керек деген ойын да бүкпесіз айтып қалды. Арыстан да, жолбарыс та – түптеп келгенде, мысық тұқымдастар. Оларды циркте өнер көрсетуге үйретуге болады. «Ал арлан қасқыр – ештеңеден қаймықпайтын, үй­ретуге көнбейтін (дрессировкаға) иен даланың иесі», – дейді.
Ұлттық салт-дәстүрлерімізге де көп көңіл бөліп, оларды заман үрдісіне сай бұзбау керектігін де тілге тиек етті. Мысалы, біз баланың тұсауын кесеміз. Өте жақсы ырым. «Сонда тұсауды қайшымен емес, өткір пышақпен кесу керек», – дейді Са­быр­жан Ғалымжанұлы. Өйткені қайшы екі жүзді, ал пышақ бір-ақ жүзді. Сондай-ақ баланың кіндігін де пышақпен кескен­дігін қалайтындығын білдірді.
Марқұм Мұстафа Өзтүріктің өзі өнеріне тәнті болып, сыйлаған Сабыржан Махметов – осындай адам. Ұрпағымыздың жылқы мінезді, арландай айбынды, қасқырдай қайратты болуын қалайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста