Заңғар Жәркешев академиясы ашылады

28 мамыр күні Қазақтың спорт және туризм академиясында волейбол өнерінің әйгілі ардагері Заңғар Жәркешевтің академиясы ашылып, тұсауы кесіледі.
Қазақ спорт және туризм академиясы­ның президенті Қайрат Закирьяновтың із­гі­лікті бастамасымен 2011 жылы аталмыш жоғары оқу ордасында бес академия ашыл­ған. Балалар мен жасөспірімдер спор­тын бұқаралық сипатта дамыту үшін, сон­дай-ақ ізбасарлар ісін жетілдіру үшін гим­настикадан Олимпиада чемпионы Нелли Кимнің, баскетболдан Олимпиада чем­пионы Әлжан Жармұхамедовтің, шаң­ғы­мен жарысу спортынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирновтың, футболдан КСРО спорт шебері Тимур Сегізбаевтың, жек­пе-жек түрлерінен Сабыржан Махме­тов­тің академиялары ашылып, жұмыс істеуде. Енді бұлардың қатарын әйгілі волейболшы Заңғар Жәркешевтің академиясы толықтырмақ.
Заңғар Асанханұлы 1972 жылы осы бі­лім ордасын бітірген. Ол кезде бұл жоға­ры оқу орны Қазақ дене тәрбиесі институты деп аталатын.
Заңғар Жәркешев айбынды «Буревестник» (Алматы) клубының белді ойыншысы әрі капитаны болған. 1965 жылы бапкерлік жұмысқа ауысқан. Дәл осы жылы «Бу­ревестник» КСРО чемпионы атанып, кәсіподақтар арасындағы Спартакиадада топ жарады. Ал 1970 жылы дауылпаз «Буревестник» бірінші рет Еуропа чемпиондары кубогын жеңіп алады. Бапкерлік сала­да­ғы осы ерен жетістігі үшін Заңғар Жәрке­шевке «КСРО еңбек сіңірген жаттықты­ру­шысы» деген мәртебелі атақ беріледі.
Заңғар Асанханұлы В.Кравченко, О.Антропов сынды Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығарған. Еуропа чемпиондары мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпиондарын да тәрбиелеп, түлеткен.
1966-72 жылдары КСРО-ның студенттер арасындағы құрамасының аға жаттық­тыру­шысы болған. Бұл құрама халықаралық студенттер одағының жеңімпазы және жүл­дегері болған. Онымен қатар 1970 жы­лы Туринде өткен бүкіләлемдік Универ­сиа­да­ның күміс жүлдегері атанған.
Жәркешев академиясын ашудағы басты мақсат – балалар мен жеткіншектерді во­лейбол ойнауға тарту. Сондай-ақ кезінде Қазақ дене тәрбиесі институты қабырға­сында құрылып, бүкіләлемге танылған «Бу­ревестник» студенттер клубын қайта жаң­ғырту көзделуде. Осы мақсатта Қазақ спорт және туризм академиясы басшылары жаңа команда құрып, алдағы маусымда Қазақстан чемпионатының жоғарғы тобына бір клуб қосуды да (2012 жылдың қара­ша айында) мақсат тұтып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста