Оралдан бокстан ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды.
Жайық жағасында керілген шаршы алаңда төрт күн бойы алыс-жақын шетелдерден және еліміздің барлық аймағынан келген 100-ден аса былғары қолғап шеберлері он салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
Бұл турнирдің еліміздің Батыс өңірінде бокстың дамуына өзіндік үлес қосатындығы белгілі. Жергілікті боксшылардың шеберлігі артатындығы сөзсіз. Осы турнирде екі бірдей боксшының чемпион атануы, аймақтық бокс федерациясының алғашқы жетістіктері екендігі даусыз.
Енді халықаралық турнир қорытындысына келсек, 49 келіде финалда 11:7 есебімен тараздық Ербол Алпысбаевты ұтқан Алматы облысының боксшысы Мардан Берікбаев алтын жүлдені иеленді. 52 келіде шығысқазақстандық Мирас Жақыповтың мерейі үстем болды. Ол шешуші жекпе-жекте астаналық Ілияс Жақсылықовты жеңді. 56 келіде тараздық Мұхит Амантаевтың бағы жанды. Ал 60 келіде шымкенттік Закир Сафиуллин мен Ресейден келген Тафдых Байрамов кездесіп, жекпе-жек 10:10 есебімен тең аяқталды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс жерлесімізге берілді. 64 келіде жамбылдық Талғат Әлімқұлов, ал 69 келіде өскемендік Манат Өмірзақов бірінші орын алды. Ал 75 келіде финалда өнер көрсеткен оралдық Ерік Әлжанов шеберлігіне жиналған жұрт ризашылықпен қол соқты. Ол өзінің қарсыласы, өскемендік Тимур Ганзаны сұлатып салып, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. 81 келіде қонақтардың арасынан қырғыз Шыңғыс Бурбашев жеңіске жетсе, 91 келіде қарағандылық Алексей Севостьянов топ жарды. Ал ауыр салмақта Оралдың тағы бір боксшысы турнир жеңімпазы атанды. Руслан Ақмолдашев астаналық Ермек Үсеновтен ұтылып жатып, соңғы раундта өз шеберлігін паш ете білді де, ол бір ұпай айырмашылығымен жеңіске жетті.
Әсия Аманбаева – «ең үздік төреші», Ерік Әлжанов «үздік шеберлігі үшін» деген арнайы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы ақшалай сыйлықпен марапатталды.
ФИНАЛ
49 келі:
Мардан Берікбаев (Алматы обл) – Ербол Алпысбаев (Жамбыл обл) –11:7
52 келі:
Мирас Жақыпов (ШҚО) – Ілияс Сүлейменов (Астана) – 9:6
56 келі:
Мұхит Амантаев (Жамбыл обл) – Темірбек Диханбаев (ОҚО) – 8:4
60 келі:
Закир Сафиуллин (ОҚО) – Тафдых Байрамов (Ресей) – 10:10
Төрешілер шешімі бойынша жеңіс
З.Сафиуллинге берілді.
64 келі:
Талғат Әлімқұлов (Жамбыл обл) – Думан Сүлейменов (Қарағанды обл) – 5:2
69 келі:
Манат Өмірзақов (ШҚО) – Юнади Точиев (БҚО) – 9:7
75келі:
Ерік Әлжанов (БҚО) – Тимур Ганза (ШҚО) – 13:4
Кездесу үшінші раундта тоқтатылды.
81 келі:
Шыңғыс Бурбашев (Қырғызстан) – Арман Рысбек (СҚО) – 9:7
91келі:
Алексей Севостьянов (Қарағанды обл) – Александр Гульевский (Жамбыл обл) – 9:3
+ 91 келі:
Руслан Ақмолдашев (БҚО) – Ермек Үсенов (Астана) – 8:7