Тоғызқұмалақ – зияткерлік ақыл-ой ойыны

Тоғызқұмалақ – зияткерлік ақыл-ой ойыны

Тоғызқұмалақ – ата-бабаларымыздан мирас болып қалған басты құндылықтарымыздың бірі. Бүгінгі таңда осы өнеріміздің әлем­дік деңгейде танылуына атсалысып жүрген алаш азамат­тары аз емес. Осы орайда ұлттық спортымыздың дамуы­на өзіндік үлес қосып жүрген, тоғызқұмалақтан ҚР мем­лекеттік жаттықтырушысы, филология ғылымы­ның кандидаты Мақсат Шотаевты әңгімеге тартқан едік.

– Мемлекеттік жаттықтырушы ре­тінде тоғызқұмалақтың республика өңірлеріндегі атқарылып жатқан жұмыс­тарына қандай баға бересіз?
– Облыстардағы туризм, дене тәр­бие­сі және спорт басқармалары өз өңір­лерін­дегі спортшыларға қандай да бір турнирлер­ге қатысып келу үшін қар­жы берумен ғана шектеліп отыр. Оның өзінде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шы­ғыс Қазақстан, Атырау облыстарында тоғыз­құмалаққа бөлінетін қаржылар же­тім қыз­дың жасауына да жетпейді. Бұл өңір­лер республикалық күнтізбелік жоспар­дағы алты доданың бір-екеуіне ғана қатысады. Онда да әр турнирге екі-үш адам келеді. Ал кейбір облыстарда тоғызқұмалақ кадр­ларымен қамтамасыз ету мәселесі әлі ше­шімін таппай отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда жаттықтырушылардың бі­лік­тілік көрсеткіші төмен болса, Жам­был облысының орталығы Тараз қала­сында Мейрам Ноғайбаев дейтін бір ғана жат­тықтырушы бар. Елімізге көптеген таны­мал спортшылар мен жаттық­тыру­шылар берген бұл облыстың спорт басшылары қайда қарап отыр? Ең болмағанда, Жаңатаста жасөспірімдерді тәрбиелеп жүрген Қазақстанға еңбек сіңірген жат­тық­тырушы С.Тілеубаевты Таразға алды­руға болмас па екен? Осылай күр­меулі мәселе шешілер еді... Мәселен, 2009 жы­лы Алматы қаласында бір ғана жат­тық­тырушы болса, ұлттық мұраның бола­ша­ғын ойлаған қала спортының бас­шы­лары 2010 жылы алты штаттық бірлік ашып, бұрынғы астананың зияткерлік дең­гейін көтеруге өз үлестерін қосты. Сон­дай-ақ бірқатар облыстардың спорт бас­шылары өз өңірлерінде тоғызқұмалақ қа­уым­дастығын ашуға көңіл бөлмей отыр. Нақ­тырақ айтқанда, Алматы қаласы, Аты­рау, Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Қызыл­орда және Солтүстік Қазақстан об­лыс­тарында аймақтық қауымдастықтар жоқ­тың қасы. Үздік облыстардың алғашқы үштігіне Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе өңірлері кіреді. Керекудің спортшылары республиканың командалық чемпионатын үш рет қатарынан ұтса, Қызылорданың жас зияткерлері өз жас мөлшеріндегі біріншілікте топ жарып жүр. Астана қаласы, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тоғызқұмалақшыларды демалу-сауықтыру орындарына апару мәселелері жақсы жолға қойылған.
– Тоғызқұмалақтан алғашқы әлем чемпионатын егеменді ел болғалы 19 жылдан кейін ғана, 2010 жылы қараша айында ұйымдастыра алдыңыздар...
– Тоғызқұмалақтан әлем чемпиона­тының кешеуіл өткізілуінің өзіндік себептері бар. Біріншіден, ұлттық ойынымыз республикамыздың өзінде танымал болмады. Екіншіден, халықаралық аре­нада бұл ойынды ешкім білмеді. Сон­дықтан осы олқылықтардың орнын тол­тыру үшін республикалық қауым­дас­тық Тәуел­сіз­дік­тің алғашқы жылдары Моң­ғолиядағы қазақтарға семинар ұй­ым­дастырып, бірнеше рет Орта Азия және Қазақстан фестивалін өткізді. Бұл шара­лардың прогрессивті сипаты бол­ғанымен, тоғызқұмалақ халық­аралық аре­нада қанатын бірден жайып кете алмады. Сонымен қатар халық­аралық додаларды жиі-жиі өткізуге ел қауым­дас­тығы­ның да қаржысы жетіспеді. Осылай жүргенде 15 жыл зулап өте шықты. Содан тоғызқұмалақты ТМД-дан бөлек, Еуропа елдерінде кеңінен наси­хаттау керек болды. Сол мақсатпен 2006 жылы Лондонда тоғызқұмалақ тұң­ғыш рет зияткерлік Олимпиаданың бағ­дар­ламасына енгізілді. Міне, осы Олимпиада ұлттық ойы­ны­мыздың бағын ашты. Ендігі кезекте тоғызқұмалақты көптеген халық­аралық зияткерлік Олимпиадалар мен додалардың бағдарламасына ен­гізу тұр. 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен түркі тілдес халық­тардың Жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді. 2008 және 2009 жылдары Чехияда дүниежүзілік зияткерлік Олимпиаданың бағдарламасына енді. Шетелдегі тоғызқұмалақ насихатшылары үшін Англияда (2009 ж.), Францияда (2010 ж.), Швейцарияда (2009 ж.), Колумбияда (2009 ж.), Қытайда (2008 ж.), Түркияда (2007, 2008, 2009 жж.), Ресейде (2007, 2008, 2010 жж.), Өзбекстанда (2009, 2010 жж.) бірнеше таныстыру шаралары мен турнирлер ұйымдастырылды. Осылардан кейін ғана, 2010 жылы 1-7 қараша аралығында Астана қаласында тоғыз­құмалақтан І Әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа төрт құрлықтың 16 елінен бар­лығы 43 ойыншы қатысты.  Әлем чем­пионатына Моңғолия, Өзбек­стан, Қытай­дан қандастарымыз қатысты. Еуропа елдерінен негізінен жергілікті жерлердегі ойын жанашырлары келді. Біздің мінде­тіміз — шетелдегі қандастарымыз арасында тоғызқұмалақты кеңінен насихат­тау. Бірақ бұл біржақты атқарылатын іс емес, бір жағынан Еуропада тұратын қазақтардың тарапынан да қызығушылық болу керек. Мәселен, 2009 жылы Лондонда өткен кіші Еуропа қазақтарының Құрыл­та­йын­да тоғызқұмалақтан семинар өткіздік. Сол елдердегі 10-нан аса қазақ мәдени ұйым­дарының бас­шы­ларымен кездесулер өт­кіздік, ұлт­тық ойынымызды таныстырып әр­түрлі іс-шаралар ұйымдастырдық. Ең өкініштісі, семинардан кейін солар­дың бірде-біреуі хабарласқан жоқ. Тек Түр­кияда тұратын профессор ағамыз Әбді­уақап Қара ғана то­ғыз­құмалақтың дамуына мүдделі болып отыр. Десек те, еуропалық ойынды қалай үйренуге болатынын айтып, тақта, кітап сұрап хат жазып тұрады. Негізінен, шетелдерде болсын, Еуропада болсын тоғыз­құмалақты үйренуге мүдделі болып отырған жастар көп-ақ. Бірақ жер­гілікті жерлердегі қазақ мәдени орта­лығының басшылары жүйелі жұ­мыстар жасай алмай отыр.
– 2007 жылдан бастап ҚР Туризм жә­не спорт министрлігінің Спорт комитеті назар аударып, тоғыз­құ­малақ ойынына бөлінетін қар­жы еселенді. Сол қаржы жеткілікті ме, әл­де демеушілер де көмектесе ме?
– 10 миллион теңге... Бұл қаржы 2007 жылы Спорт комитеті тарапынан тоғыз­құмалақты дамытуға бөлінді. Қа­зір­гі кезде қаржы 7 миллионға дейін қыс­қарды. Яғни бөлінген қаржы жеткіліксіз. Неге десеңіз, шетелдің барлығы тоғыз­құмалақтың отанын Қазақстан деп біледі. Өздерінде өткізіп отырған жарыстарға біз­дің келгенімізді қалайды. Өйткені олар­да жарысты өткізу құралдары, сауат­ты төрешілер жеткіліксіз. Олардың бізден үй­ренгісі келеді. Мәселен, өткен жылы Испа­нияда, Португалияда, Чехияда мек­теп оқушылары мен ересектер арасында турнирлер ұйымдастырылды. Біз қар­жы тапшы­лы­ғынан сол елдерге бара ал­мадық. Ал ондай додалар жаңбырдан ке­йінгі саңы­рауқұлақ сияқты көбейіп келе­ді. Мәселен, Чехия мен Испанияда тақ­та жеткілікті. Оларға біз жеткізіп бергенбіз. Португалияда бір тақта жоқ. Олар жарысты қалай өткізеді? Еуропадағы елдер тақта тапшы­лығын компьютерлік бағдарлама­лар ар­қылы шешіп отыр. Сондықтан бізге Спорт комитеті тарапынан да, демеушілер тара­пынан да үлкен қолдау керек. Қазіргі бөлініп отырған қаржы шетелде өтетін үш-төрт турнирге барып келу мен Қазақ­стан­дағы ресми чемпионаттарды өткізуге ғана жетеді. Сондықтан қазақтың зияткерлік ойынын, рухани деңгейін енді танып келе жатқан шетелдерге тоғызқұ­ма­лақты сіңіре беру үшін демеушілер көмегі қажет.
– Әр халық ұлттық ойын ережелерін өз дүниетанымына сәйкестендірген. Ал тоғызқұмалақтың ерекшелігі не­де?
– Тоғызқұмалақ ойынынан ата-баба­ла­рымыздың өмір сүру салтын көреміз. То­ғызқұмалақ – феномен ойын. Бір қызы­ғы, то­ғызқұмалақ ережелерін саралап, тал­даған сайын, ертедегі бабаларымыз­дың та­нымына таңғаласың. Кім қарсыласы­нан артық жинаса, сол ұтады. Егер екі ойыншы бірдей жинаса, тең нәтиже тіркеледі. Бұл ережелерден көнедегі адам­дар­дың ойлау деңгейі мен әлемді тану түсінігі көрінеді. Бүгінгі күні жеті ата дәстүрін тек қазақ хал­қы сақтағаны секілді, тоғыз­құмалақ тек­тес бас­қа ойындарда – «тұз­дық» ере­же­сі кездеспейді. Тұздық – ой­ын­да қол­да­нылатын амал-тәсілдердің кө­беюі­не әке­летін ереже.
– Қазақстаннан басқа қай елдер­де то­ғызқұмалақ қауымдастықтары бар?
– Бүгінгі күні Қазақстанда, Қырғыз­станда, Өзбекстанда, Ресейде (Таулы Алтай Республикасы), Моңғолияда қауым­дастықтар бар. Ал Испанияда, Чехияда, Пор­тугалияда, Түркияда тоғызқұмалақ үй­ір­мелері жұмыс істейді. Еуропада ал­ғаш рет Прагада (Чехия) тоғызқұмалақ қауым­дастығы тіркелген. Тоғызқұмалақты дамытуға осы қауымдастықтар мен үйір­мелер де өз үлесін қосады деп ойлаймын. Тоғызқұмалақты дамыту арқылы Қазақ­станды зияткерлік орталыққа да, туристік орталыққа да айналдыруға болады. Мә­селен, Еуропада «зияткерлік туризм» деген термин кеңінен таралған. Ол бізде әлі қалыптаспаған. Өздерінің зияткерлік деңгейін арттыру үшін еуропалықтар зияткерлік Олимпиадалар мен фестивальдерге қатысады және ұйымдастырады. Осы зияткерлік туризм арқылы Чехия жыл сайын қыруар қаржы тауып отыр. Яғни Қазақстан тоғызқұмалақ пен мангаланы дамыту арқылы оның орталығына айналса, зияткерлік туризм өздігінен дамитын еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста