Талдықорған қаласының 27 мектебінде футбол ойынына баулитын тегін үйірмелер ашылды, оларға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары тартылады.
Талдықорғанда балалар арасында бұқаралық спортты дамытудың бірегей әлеуметтік жобасы қолға алынды. Футбол мектебі жобасы Olimp Kazakhstan букмекерлік кеңсесінің тікелей қолдауымен жүзеге асырылуда. Кәсіби мамандар әзірлеген арнайы бағдарлама бойынша көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 700 бала орта мектептерден ашылған футбол үйірмелеріне ақысыз негізде қатысады. Оларға қажетті құрал-жабдықтар мен спорттық керек-жарақтар сатып алынды. Қазіргі таңда дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің дайындығы жүріп жатыр. Егер пилоттық жоба сәтті жүзеге асатын болса, букмекерлік кеңсе оны еліміздің басқа аймақтарына да енгізуді жоспарлап отыр.
Жобаның басты мақсаты – аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына өздерінің армандарын жүзеге асыруға көмектесу және футбол ойнауға барлық жағдайды жасау. «Рухани жангыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында әзірленген жобаның алғашқы нәтижелері көңіл қуантады.
Айта кетерлігі, спортсүйер балалар үйірмелерде топ-топқа бөлініп жаттығады және әрқайсысында 12 адамнан тұратын өз футбол командасы болады. Мамандар топтағы балалар санының аздығы жаттықтырушыға ойыншылардың жеке қасиеттеріне көп көңіл бөлуге, командалық рухты оятуға мүмкіндік беретінін айтады.
«Футбол – барлық әлеуметтік салаларға қол жетімді спорт түрлерінің бірі. Сондықтан да көбіне тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектер футболда үлкен жетістіктерге жетіп жатады. Бұған әлемдегі ең мықты футбол жұлдыздарын мысалға келтіре аламын. Мәселен, Роналду, Ривалдо, Суарес, Зидан, Салах және т.б. Мысырлық футболшының өмір тарихынан бір ірі бренд ұйымдастырған әлеуметтік жобалардың бірінде жарқырай көрінгені туралы деректі бәріңіз білесіздер. Мұхаммед Салах 14 жасында Египет аймағындағы жарыстардың бірінде керемет нәтиже көрсеткен, содан бері ол барлық футбол рекордын жаңартуда. Біз талдықорғандық балалар арасында да әлемдік деңгейдегі футболшылармен деңгейлес «Зидандар» мен «Салахтар» бар екеніне сенімдіміз», - дейді «Олимп» букмекерлік кеңсесінің Әсел Әлімжанова.
Биылғы бірінші жартыжылдықта компания қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға 37 миллион теңгеден астам қаражат бөлгенін айта кету керек. «Олимп» БК осы уақытқа дейін балалардың шығармашылығын, қабілетін дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға барынша қолдау көрсетіп, үлес қосты.
«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Жетісу» футбол орталығының консультативтік қолдауымен семинар сабақтарына қатысады. Біз оларға арнайы бағдарлама ұсынамыз, олар оқуын жалғастыруда. Яғни, жаттықтырушылар апталық жоспар-конспект алып, сол бойынша апта бойы жұмыс істейді. Бүгін біз мектептерге барлық спорттық құрал-жабдықтар мен 700 футбол ойынының формаларын тараттық. Жоба тек спорттық құрал-жабдықтар таратумен және жаттығуларды ұйымдастырумен шектелмейді. Футболдан турнирлер өткізіліп, балалардың түрлі экскурсияларға, соның ішінде халықаралық жарыстарға қатысуы жоспарланған. Ең дарынды жасөспірімдерді Еуропаның жетекші футбол клубтары – «Челси», «Барселона», «Лиссабон Спортинг» көруге жіберуді де ұйымдастыратын боламыз», - деп толықтырды жоба кураторы Біржан Байғалиев.
Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекованың пікірінше, бүгінгі балалар өте әлжуаз, үйден шықпауға әбден үйренген, гаджеттерге алаңдап, виртуалды әлемде өмір сүріп жатыр, оларды экрандардан аластап, көшеге шығару қиын. «Қазіргі жеткіншектерде бір-біріне деген жанашырлық кем, тіпті бір-бірімен таныспайды да. Сондықтан біз облыста спортты белсенді дамыту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бастама спортпен белсенді айналысатын 700 баланы қамтыды. Біз «Олимп» БК-мен волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлері бойынша одан әрі ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз», - дейді ол.