Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Су добы: Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Cингапурде өтіп жатқан су добынан Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер құрамасы бір тур бұрын чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар қатарынан бес кездесуде жеңіске жетті. Топтық кезеңде құрамалар әрбір қарсыласымен екі ойын өткізді. Нәтижесінде олар Сингапурды 12:7, 13:2, Таиландты 16:10, 13:8 есебімен жеңді. Сондай-ақ олар Өзбекстанды 11:9 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуі ертең, 27 наурызда өткізуі керек еді. Алайда қазақстандық спортшылар 15 ұпай жинап, бас жүлде тағдырын бұрын шешіп қойды.

Екінші және үшінші орында тұрған Өзбекстан мен Таиландтың еншісінде алты ұпайдан бар. Олар алтыншы турда жеңіске жеткенімен қазақстандық құраманы қуып жете алмайды.

Ал еліміздің ерлер құрамасы бүгін жартылай финалда Қытайға 1:10 есебімен жол берді.

Енді олар 27 наурызда қола жүлдеге Таиландпен күш сынасады.

Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19:6, Гонконгты 22:7 есебімен жеңсе, Иранға 14:15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10:7 есебімен тізе бүктірген еді.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста