Спорт шебері атағы беріледі
Оралда бокстан Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды.
Жайық жағасында керілген шаршы алаңда жеті мемлекеттің былғары қолғап шеберлері бақ сынауда. Атап айтқанда, Украина, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан боксшылары бес күн бойы шаршы алаң көрігін қыздырады. Бұл турнирде біздің елдің намысын қосалқы құрамдағы боксшылар қорғайды. Әйтсе де турнир жеңімпаздарына «ҚР спорт шебері» атағы берілетіндіктен, жастарға да мол мүмкіндік берілуде. Әзірге іріктеу кезеңіндегі жекпе-жектер өтуде. Халықаралық турнир жеңімпаздарының есімдері алдағы жексенбі күні белгілі болады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу