Спорт министрлігі Бейбіт Шүменовтің жанжалына қатысты пікір білдірді

Астанада өткен іс-шаралардың бірінде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтың төңірегінде болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бекітілген белгілі бір этика бар. Осы бағытта спортшылармен, жаттықтырушылармен және ұлттық құрама мүшелерімен жұмыс жүргізіліп келеді. Сондай-ақ біз идеологиялық жұмыстарды да жүргіземіз. Біз Бейбіт Шүменовке қатысты ақпараттан қанықпыз. Әрине, бұл дұрыс емес әрекет, әсіресе қоғамдық орында болған», деді Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

 

Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар қоғамға үлгі көрсетуі керек.

 

Еске сала кетсек, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов елордадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адамды ұрған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кейін боксшы аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Сөйтсе, боксшы шетелде тұратын баласын Отанына алып келіп, қыдыртып жүрген. Сол кезде оны бір бала ұрып, аяғынан сүйреген көрінеді. Мәселенің анық-қанығын анықтау кезінде жайсыз оқиға болған. Полиция бөлімшесінде соққыға жығылған ер адамның Қазақстанда заңсыз жүргені белгілі болған.

 

Ал ерекше баланың анасы, керісінше боксшыдан кешірім сұрап, тараптар жақсы тарқасқан.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста