Спорт - денсаулық кепілі

Спорт - денсаулық кепілі

Алматы облысында халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткішті арттыру үшін аудан орталықтары ары мен ауылдарда спорт нысандарын арттырудың маңызы зор. Сондай бір спорт кешені Есік қаласында ашылды. Енді есіктегі ересектер де , жастар да жаңа ғимаратта спорттың 11 түрімен белсенді айналысуына мол мүмкіндіктері бар.

Спорт сарайын салу үшін үкімет бюджетінен 470 млн. теңге қаржы бөлінген. Стадион мен жүгіру алаңын қоса есептегенде кешеннің жалпы аумағы 2,3 гектар.«Спорт сарайында денешынықтырып, спорттың сан түрімен шұғылдануға бар жағдай жасалған». Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Бинәлі Ысқақ осы жайттарға тоқталды. Спортты серік еткен жандарға түрлі жарыстарда жеңіс тіледі. Ел спортына елеулі үлес қосқан спорт ардагерлерін марапаттады. Сонымен бірге ата-ана қамқорынсыз қалған 25 жасөспірімге «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы арқылыҚарасай ауданында салынған «Асыл Арман тұрғын үй кешенінен 25 пәтердің кілттерін табыстады.

ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Спорт кешенінде футбол , волейбол мен баскетбол ойындарына арналған зал,00 бар. Жыл сайын Еңбекшіқазақ ауданының құрама командалары осы спорт түрлерінен жоғары табыстарға жетіп жүр. Ал соңғы кезде ауданда бокс үйірмелері көптеп ашыла бастады. Енді жеткіншектер жаңадан салынған кешенде шеберліктерін шыңдайды.

МАРЛЕН СӘРСЕНБАЙ ОҚУШЫ

Спортшылар үшін қуанышқа толы күнде аудан спортының өркендеуіне үлес қосып, бұқаралық спортта жақсы нәтижелерге жеткен бірқатар азамат марапатталды. Ал жыл бойы 42 команданың қатысуымен өткен аудандық футбол біріншілігінің үздік екі командасы «Барыс» пен «Ақтоған» өзара мықтыны анықтады.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста