Шоқыр аға мен жұбайына ескерткіш орнатылады

Шоқыр аға мен жұбайына ескерткіш орнатылады

17 шілде күні Алматы қаласының іргесіндегі Кеңсай зиратында марқұм Шоқыр Бөлтекұлы мен оның зайыбы Нұрсұлу Тапалованың басына ескерткіш орнатылып, құран бағышталады. Халқымыздың қос жұлдызының аруағына арнап ас беріледі. Бейіт басына спорт және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері жиналып, марқұмдарды еске алады.

Шоқыр Бөлтекұлы 1916 жылы Маңғыстау облысы Жармыш ауылының маңындағы Сарқауақ деген жерде дүниеге келген. Студент кезінде бокспен шұғылданған. Отызыншы жылдардағы ашаршылық, аласапыран заманда Форт-Шевченко қаласындағы жетімдер үйінде оқып, орта мектепті бітіреді. 1936 жылы қазақ жерінде әуесқой боксті үйретуді алғашқы болып қолға алады. Қазақ боксінің атасы атанған Шоқыр ағамыз – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері атанған тұңғыш қазақ.

1937 жылы Ш.Бөлтекұлының басшылығымен бокстен Алматы қаласының ресми біріншілігі өтті. Оған 50 спортшы қатысқан. Шоқыр Бөлтекұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы жарақатына байланысты елге оралады. 1947 жылы Мәскеуде өткен Кеңес Одағының біріншілігіне Қазақ елінің құрамасын Ш.Бөлтекұлы дайындап апарады. Оның мектебінен Мақсұт Омаров, Әбдісалан Нұрмаханов, Серік Әбденәлиев, Виктор және Владимир Каримовтер, Иосиф Гильдин, Асқар Құлыбаев секілді талантты шәкірттер тәрбиеленіп шықты.

Қазіргі таңда Шоқыр Бөлтекұлының есімін құрметтеу мақсатындағы бірқатар шаралар іске асырылуда. Оның туған топырағы Маңғыстау облысында Ш.Бөлтекұлының атындағы халықаралық турнир дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл турнир былтыр төртінші рет өтіп, ҚР бокс федерациясының шешімімен «А» санатты турнир мәртебесіне ие болды. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының орталығында Шоқыр Бөлтекұлының атындағы спорт кешені салынып, спортшылардың игілігіне берілді. Сонымен бірге Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлының атымен аталатын боксшылар клубы құрылды.

Ал Шоқыр Бөлтекұлының зайыбы Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келеді. Он бір жасында академик Ахмет Жұбановтың мұрындық болуымен Алматыға білім іздеп келіп, ұлттық билерді нақышына келтіре орындайтын мамандардан тәлім-тәрбие алады. Әйгілі балетмейстер А.Александровтың мектебінде дәріс алады. Оның «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр» қойылымдарында Шараны айнытпай беретіндігі сонша, көрермен Нұрсұлуды Шараның өзі екен деп ойлайды екен. Қазақтың біртуар бишісі 1938 жылға дейін кордебалет әртісі, кейіннен жеке балет бишісі, 1941-1953 жылдарда осы театрда прима-балерина бола жүріп, ұлттық операларда жеке билер шығарады. Сол кездегі Кеңес Одағының ұлттық билерін нақышына келтіре орындайды. «Нұрсұлу Тапалованың дайындықсыз сомдаған классикалық үлгідегі Заремасы нағыз шығыстың аруы болып шықты. Оның биін көріп отырып, биге елтіп кетпеу мүмкін емес болатын...» деп жазады «Менің балетім» деген кітабында халық әртісі Болат Аюханов. Осы жылдары Н.Тапалова «Киноконцерт», «Белая роза», «Жамбыл», бас-аяғы жиырма шақты кинофильмдерге түсіп, актерлік қырынан да танылады. Еңбегі жанып 1947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі деген құрметті атаққа ие болып, бір жылдан соң Алматы қалалық кеңесінің депутаттығына сайланады. 1953 жылы Н.Тапалова театрдан кетіп, ән-би миниатюралары жанрындағы эстрадалық салаға біржола бет бұрады. Сөйтіп, Қазақтың Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясына ауысып, Кеңес Одағы мен одақтас республикалардың ән-би ансамбльдерінің жеке бишісі болып қызмет етеді. 1958 жылы Мәскеуде өтетін қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, «Біржан-Сара», «Абай», «Назугум», «Дударай» операларының сахналық көріністерін тамаша биімен әрлеген Нұрсұлу Тапалова қазақ би өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, басқа да мемлекеттік медальдар алған. 1975 жылға дейін сахнадан түспеген Н.Тапалова қазақ, қырғыз, өзбек, армян, испан, орыс тағы басқа да ұлттардың билерін өз деңгейінде биік талғаммен орындап отырған. Дүниежүзіне танымал балет дүлдүлдері Галина Уланова мен Майя Плисецкаялармен қырқыншы жылдары Абай атындағы Академиялық опера және балет театрының сахнасында «Бақшасарай фонтаны» спектаклінде бірге өнер көрсетіп, ұлттық хореографияның қалыптасып, дамуына бір кісідей үлес қосты.

Қазақтың маңдайына біткен қос тұлға – қазақ боксінің атасы Шоқыр Бөлтекұлы мен Нұрсұлу Тапалова Алматының Жамбыл мен Амангелді көшелерінің қиылысында орналасқан «Әртістер үйі» деп аталатын үш қабатты үйдің шағын ғана бір бөлмелі пәтерінде дүниеден өткенше өмір сүріпті. Айсұлу, Тоты атты екі қыз өсіріп, тәрбиелеген. Қазір Санжар, Бауыржан атты немерелері бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста