«Солдатсай» емес, «Салт атты сай»

«Солдатсай» емес, «Салт атты сай»

Кеше редакциямызға елімізге белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов хабарласып, «Алаш айнасы» газетінің жұрт «Солдатское ущелье» атап кеткен жерді «Азиада шатқалы» деп өзгерту туралы ұсынысына өз пікірін айтты. Шынын айтсақ, ғалымның әлгі жердің тарихи атауы туралы біз білмеген тосын да, құнды мәліметі таңғалдырып, біраз нәрседен хабардар етті.
Шынында да, «Алаш айнасы» газетінің «Азиада шатқалы» жөніндегі ұсынысы оқырмандарымыздың арасында үлкен резонанс туғызды. Редакциямызға ха­бар­ласып, өз пікірін білдірген оқырман­да­ры­мыз өте көп. Бірі «жұрт «Солдасткое уще­лье» атап кеткен жерді «Азиада шатқалы» деп өзгерту дұрыс» десе, екіншілері ұсы­ны­сымызға қарсы болып, мұның мүмкін емес­тігін де айтып жатты. Әлбетте, оқыр­ман­дардың өз пікірі болғаны, көз­қа­рас­тардың сан алуандығы бізді де қуантты. Алаш мәселесіне бей-жай қарамайтын аза­маттарымыздың көп екеніне осы жолы тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Естеріңізде болса, Астана мен Алматы қалаларында өткен VII қысқы Азия ойындарынан кейін «Солдатское ущелье» дегенді «Азиада шатқалы» деп өзгертсек қайтеді?» (№25. 12 ақпан) деген ұсыныс-мақала жариялаған болатынбыз. Оқыр­ман­дар тарапынан хабарласушылар көп болып, аяқсыз қалдырмаңыздар деп тілек білдіргеннен кейін бұл жолы депутаты бар, бапкер, спортшы, шенеунігі бар, әр қызмет өкілдерінің пікірлерін білген едік (Солдатсайды «Азиада шатқалы» деп атауға қалай қарайсыз? (№32. 23 ақпан). Көпшілігі ұсынысты құп көріп жатты. Енді бұл жолы редакциямызға өз пікірін білдіру үшін Мақаш ағамыз хабарласты.

  Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
– Диктофоныңды қос. Мен сіздердің ұсыныстарыңыз жайлы тарихи деректерді айтып берейін, – деп бірден әңгімеге көш­кен ағамыз ары қарай былай деп жал­ғас­тыр­ды. – Жұрт мені негізінен де­мограф ре­тінде біледі. Негізі, өзім Талғарда ту­ғанмын. Туу туралы куәлігім бұған куә бола алады. Ол кезде Талғар қала емес, бекет болатын. Енді ұсыныс­тарыңызға келейік. Оқып отырып, тыныш отыра алмадым. Негізі, «Солдатское ущелье» деген атау мүлдем дұрыс емес. Бұрын олай аталмаған да. Ол жердің бастапқы атауы – «Салт атты сай». Біздің бала кезімізде солай аталатын. Кейін Кеңес Үкіметі кезінде жер-су атаулары келіссін-келіспесін орысшаланып, өзгеріп кеткен. Газеттеріңізде Республикалық география институтының аға қызметкері Слам­құл Әбдірахманұлы, «ол жер бұрын­дары кеңес әскерінің демалатын орны бол­ған болуы керек. Сондықтан шығар «Солдатское ущелье» аталып кеткені» депті. Бірақ ол жерде ешқандай да кеңес әскерінің демалатын орны болмаған. Бұл – аңыз. Қашанғы айтамыз, аңызға сүйе­ніңдер, бірақ сене бермеңдер. Мен бала ке­зімнен білем, кеңес әскерлері тұрса, Пан­филовка ауылы жағында тұрған. Ал енді әлгі жерді «Салт атты сай» аталуының тарихын айтып берейін. Бұл жайлы білетін қариялар да азайып бара жатыр. Сонымен бала кезімізде өзгелер «Солдатское ущелье», сіздер «Сарбаз сай» атап кеткен жаққа жиі баратынбыз. Бірақ онда жаяу бара ал­май­сың. Өте ауыр жол. Салт атпен ғана қа­ты­най­сың. Сондықтан адамдардың бар­лығы ол жаққа тек атпен ғана көте­рілетін. Салт атпен ары-бері қатынайтындар көп болды. Әлі есімде, сол жақта Ормақай, Қотыр­бұ­лақ деген жайлаулар болатын. Сонда сиыр фер­масы бар-ды. Әкем сол ферманың мең­герушісі қызметін атқарды. Сөйтіп, сиыр сүтін қалаға өткізу үшін үлкен құты­лар­ға сүтті құйып, иін ағаштың екі жағына ар­тып, төменге салт атпен түсетін. Міне, біз­дің кезімізде «Салт атты сай» деп ата­латын. Кейін орыстар келіп, оп-оңай «Сол­дат сайға» айналдырып жіберді. Енді «Сар­базсай» деп жүрміз. Бүйтіп жер-су атауларын бей-бе­рекет етіп тілімізге ың­ғай­лап, аудара бермейік.
– Сонда VII қысқы Азия ойын­дары өткен сол жерді «Азиада шат­қалы» деп атауға келіспейсіз ғой...
– Келісемін. Өте керемет ұсыныс ай­тыпсыздар. Бірақ жер-су атауын Азиа­даға байланысты ауыстырмай-ақ қойған дұрыс. Ол жерде шаңғы-биатлон стадионы са­лынды ғой. Міне, соны Азиаданың құр­ме­тімен атағанымыз орынды. Ал, жалпы сол жер бұрынғы атауымен «Салт атты сай» болып қалуы керек.
Мінеки, Мақаш ағамыздың пікірі осын­дай. Жер-су атауын Азиадаға қимаса да, стадионды VII қысқы Азия ойынд­а­ры­ның құрметімен атағанды дұрыс көріп отыр. Қарап отырсақ, көпшіліктің пікірі бір ар­надан тоғысып отырған сияқты. Әлбетте, біз­дің миссиямыз – ұсыныс айту. Енді көпшілік қолдап отырған ұсынысты атқамі­нерлеріміз қолға алса дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста